RU

Тәуелсіздік мерейтойын атап өтуге бюджеттен 407 млн теңге сұратылды

Тәуелсіздік мерейтойын атап өту аясында жыл басынан бері 8 мыңнан астам шара өткізілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалған үш айдың ішінде республикалық деңгейде 100 шара өткізу жоспарда бар, ал жергілікті жерлерде тағы 5 мыңнан астам шара өткізіледі. 15 желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған үлкен концерт өтеді. Қазір дайындық жұмыстары жасалуда. Республикалық бюджеттен тойлауға 407 млн теңге бөлінген», - деп атап өтті Райымқұлова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, мерейтойдың негізгі бөлігі 1-15 желтоқсан аралығында өтпек. Сонымен қатар Тұңғыш президент күніне арналған бірнеше концерттер ұйымдастырылады. 1 желтоқсан күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кинопремьера таныстырылады.

Көрермендер аталмыш телехикаяның толықметражды кинонұсқасын үлкен экраннан көре алады. Ал 10 сериядан тұратын телехикая бірқатар республикалық телеарнада трансляцияланады деп болжануда.

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Алматыда алғаш шариғат талаптарына сай қонақүй ашылды (фото)

Дмитрий Баландин Қазақстанды ешбір елге айырбастамайтынын айтты

Аршавин қазақстандық журналистің басын қалай тақырлады? (фото)

Алматы зообағында Мелман есімді жираф мерт болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275371-tauelsizdik-mereytoyyn-atap-otuge-byu.html