RU

Ақтауда алты жасар қызды зорлады деген күдікті өз кінәсін мойындамай отыр

Ақтауда алты жасар қызды зорлау дерегіне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қазір тергеу айғақтарды жинаумен айналысуда деп хабарлайды Baq.kz.

Мемлекеттік қорғаушы Намиг Велиевтің айтуынша, күдіктіге Қылмыстық кодекстің үш бабы – адам өміріне қастандық, адам ұрлау және зорлау бойынша айып тағылып отыр.

«Молекулярлы-генетикалық сараптама оң нәтиже көрсетіп отыр, алайда күдіктінің кінәсін дәлелдеуге ол жеткіліксіз. Күдікті кінәсін мойындап отырған жоқ. Мен мемлекет тарапынан қорғаушы ретінде ұсынылдым және өз міндетімді орындап жүрмін. Егер сот оның қылмысқа қатысы барын дәлелдесе, онда ол 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді күдіктінің адвокаты Намиг Велиев.

Оның айтуынша, 32 жастағы ер адам дүкендерге азық-түлік жеткізіп, таксист болып жұмыс істеген.

Естеріңізге салайық, аталған оқиға 20 тамыз күні Ақтаудағы №1 шағын ауданында орын алған болатын. Дүкенде апасының жанында болған 6 жасар қызды белгісіз ер азамат ұрлап кетіп, саяжайға апарып зорлаған.

Кейін қызды полицейлер аса ауыр халде тауып алды. Оның жағдайы әлі де ауыр. Қазір қыз бала Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Малайзияда бәтеңкесіне сыра құйып ішкен дипломаттың басы дауға қалды

Тәуелсіздік мерейтойын атап өтуге бюджеттен 407 млн теңге жұмсалмақ

АҚШ-тағы Головкиннің жанкүйері: «Борат» GGG-дің көлеңкесінде қалды

Бангладеште теңдессіз ерекше мешіт салынды (фото)

Қостанайда печеньенің ішінен қоңыз тапқан тұрғын есеңгіреп қалды

Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне 2 млн доллар бөлді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275428-aqtauda-alty-zhasar-qyzdy-zorlady-dege-2.html