RU

Алматыдағы трамвай депосының орнына әлеуметтік нысан бой көтереді

Алматыдағы трамвай депосының орнына халықтың игілігіне жарайтын нысан бой көтермек. Ол саябақ, дәмхана немесе мұражай болуы мүмкін деп хабарлайды "Астана" арнасы.

«Үздік қоғамдық жобаны» қала жұртшылығы таңдайды. Бұл туралы «Алматы қаласын дамыту орталығының» директоры Наталья Ливинская айтты. Тамыздың екісінен бері мегаполис тұрғындары онлайн дауыс беруді бастап кеткен. Орталықтың сайтына жоба қатысушылары тарапынан 20-дан астам ұсыныс түсті. Қазір ашық дауыс беру жүріп жатыр.

Кей азаматтар ескі рельстерді қалдырып, саябақ жасау идеясын көтерді. Қаланы көркейту орталығының қызметкерлері де тарихтың бір белгісі ретінде трамвай депосының ізін қалдыру керек деп есептейді. Өз жобаларын қала тұрғындарынан бөлек жергілікті сәулетшілер де ұсынды.

Үздік жоба авторы атануға ниетті Италия, Ресей елдерінің шығармашылық топтары да бұл істен шет қалмады. Ал жеңімпаз жоба 17 қазанда белгілі болады.

"Жобаның жан-жақты болуы маңызды. Оның алдағы уақытта қаланың дамуына тигізер үлесі зерттелетін болады. Онлайн дауыс берумен қатар жобаға халықаралық сарапшылар да баға беретін болады", - дейді «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ директоры Наталья Ливинская.

Тағы оқыңыздар:

Малайзияда бәтеңкесіне сыра құйып ішкен дипломаттың басы дауға қалды

Тәуелсіздік мерейтойын атап өтуге бюджеттен 407 млн теңге жұмсалмақ

АҚШ-тағы Головкиннің жанкүйері: «Борат» GGG-дің көлеңкесінде қалды

Бангладеште теңдессіз ерекше мешіт салынды (фото)

Қостанайда печеньенің ішінен қоңыз тапқан тұрғын есеңгіреп қалды

Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне 2 млн доллар бөлді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275565-almatydaghy-tramvay-deposynynh-ornyna.html