RU

Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан барлық 36 судьяны жарыстарға төрелік етуден уақытша шеттетті. Мұндай ақпарат АИБА-ның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 3-5 қазан күндері Швейцарияның Лозанна қаласында Ұйым басшылығының кездесуі өткен.

«Тексеру аяқталғанға дейін Ұйым қамқорлығымен өтетін бүкіл турнирден барлық 36 судьяны уақытша шеттету туралы шешім қабылданды», - делінген АИБА хабарламасында.

Сонымен, уақытша төрелік жасаудан шеттеттілген төрешілер арасында қазақстандық Рахымжан Рысбаевтың бар екендігін айта кетейік. Мұнан бөлек, бұл қатарда қазақстандық жанкүйерлердің есінде Рио Олимпиадасы кезіндегі жекпе-жектерге әділ төрелік жасай алмағандығымен қалған алжирлік Хейра Сиди Якубта бар. Дәл осы төреші 91 келіге дейінгі салмақтағы боксшылардың финалдық кездесуіне төрелік етіп, айқын басымдықпен жеңіп тұрған Қазақстан боксшысы Василий Левитті ресейлік Евгений Тищенкоға жығып берген еді.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Тағы оқыңыздар:

Малайзияда бәтеңкесіне сыра құйып ішкен дипломаттың басы дауға қалды

Тәуелсіздік мерейтойын атап өтуге бюджеттен 407 млн теңге жұмсалмақ

АҚШ-тағы Головкиннің жанкүйері: «Борат» GGG-дің көлеңкесінде қалды

Бангладеште теңдессіз ерекше мешіт салынды (фото)

Қостанайда печеньенің ішінен қоңыз тапқан тұрғын есеңгіреп қалды

Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне 2 млн доллар бөлді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275692-rio-olimpiadasynda-boksshylargha-tore.html