RU

Алматыда жігітінен ұсыныс күтуден шаршаған бойжеткен жүкті болғанын көлігіне жазып кетті (фото)

Алматының "Нұрлы тау" БО тұрағында ерекше жазбасы бар көлік жұртты өзіне қаратты. Онда белгісіз бойжеткен Даник есімді жігітіне аяғы ауыр екенін жазып кеткен.

Фото Арсен Шакуовтың Facebook парақшасында жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Даникке бірден түсінердей етіп жеткізген. "Нұрлы тау" тұрағында Даник есімді жігітке хабарлама қалдырылыпты. Оның қандай ниетпен жазылғаны белгісіз" - дейді желі қолданушысы.

Қара көлікке ақ бояумен келесі сөздер жазылған: "Даник, менің сенен аяғым ауыр".

"Жігіт ұсыныс айтуға асықпағанның соңы осылай болады", - деп әзілдеді пікір қалдырушылардың бірі.

Кейін желіде Даниктің жауабы жазылған "Мерседестің" кезекті фотосы жүктелді.

"Маған тұрмысқа шық", - делінген көлікте.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)

Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр

Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады

Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды

Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады

Серік Ибрагимов бойдақтығымен қош айтысты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275773-almatyda-boyzhetken-zhukti-bolyp-qalgha.html