RU

Оралда ұялы телефоны жарылған студент есінен танып қалды

Орал қаласында облыстық балалар ауруханасына есінен танған 17 жастағы қыз жеткізілді деп хабарлады ҚазАқпарат "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

«Ауруханаға 5 қазан күні түскен бойжеткеннің қазіргі уақыттағы жағдайы қанағаттанарлық. Алдын ала болжам бойынша, ұялы телефонды қуаттандыратын құрал жарылған. Күйік пен өзге дене жарақаттары жоқ. Қыз қатты шошынған секілді», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Оқиға Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің жатақханасында болған.

Алғашында жатақхана басшылығы қысқа тұйықталу болып, ұшқын пайда болғанын, бірақ телефонның жұмыс істеп тұрғанын айтып, ақпаратты растаған еді. Алайда, кейінірек, колледж бұл ақпаратты теріске шығарып, ешқандай жарылыстың болмағанын, ал қыз қан қысымының жоғарылауынан есінен танғанын мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)

Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр

Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады

Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды

Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады

Серік Ибрагимов бойдақтығымен қош айтысты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275803-oralda-uyaly-telefonynynh-quattandyru.html