RU

Путин туған күнін тойлауға кімдерді шақырады?

Жетінші қазан күні 64 жасқа толған Ресей президенті Владимир Путин туған күнін достары мен жақындары арасында өткізбек деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның баспасөз-хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, ресейлік басшы төл мерекесін атап өтуге қатысты көпшілікке арналған іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Ол туған күнін достары мен жақындары арасында өткізбек деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Дегенмен, халықаралық қоңыраулар, құттықтаулар түседі. Сондықтан қандай да бір мәселелер қозғалатын болады. Мемлекет басшылары ешуақытта мерекелік тақырыппен ғана шектеліп қалмайды», - деді Песков.

Айта кетейік, Владимир Путин 2014 жылы көп жылдан бері алғаш рет демалыс алып, туған күнін сібір тайгасында өткізді. 2015 жылы 63-інші туған күнін хоккей алаңында өткізді. Ол "ҰХЛ Жұлдыздары" және "ҰХЛ Құрамасы" Түнгі хоккей лигасы командаларының матчына қатысып, «ҰХЛ Құрамасының» қақпасына жеті шайба салды.

Путиннің РФ басшылығындағы президенттік мерзімі 2018 жылы аяқталады.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)

Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр

Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады

Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды

Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады

Серік Ибрагимов бойдақтығымен қош айтысты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275861-putin-tughan-kunin-kimdermen-birge-ata.html