RU

Шашы тікірейген екі айлық балақай әлемді өзіне қаратты

Интернетте жаңа жұлдыз пайда болды. Кішкентай америкалық балақай қалың шашының арқасында әлемді өзіне қаратқан. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Тоғыз апта бұрын ғана дүниеге келген бұл балақайды халық Ким Кардашьян туралы сюжет көрсетіліп жатқанда байқап қалған. Тележүргізушілер жұлдызды тонап кеткені туралы айтқан сәтінде эфирде күтпеген жерден Джуниор пайда болған.

Оның анасы Челсидің айтуынша, сәбиі дүниеге келгенінде дәрігерлер де баланың қалың шашына аң-таң болған. Әйел баласымен, тіпті дүкенге барудың өзі мұң екенін жасырмайды. Себебі, сәбиге тесіле қарайтындар көп. Ал желіде балақайды қонжық деп атап кеткен.

 

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)

Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр

Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады

Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды

Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады

Серік Ибрагимов бойдақтығымен қош айтысты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275888-shashy-tikireygen-eki-aylyq-balaqay-ale.html