RU

Ғалымдар адамзаттың қашан жойылып кететінін айтты

 

Канаданың ВСА зерттеу компаниясының экономистері адамзаттың 2290 жылға қарай жойылып кетуі мүмкін екенін есептеп шығарды. Бұл туралы РБК ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

«Енді теориялық тұрғыдан қарағанда, инвесторларға ақшаны аса көп үнемдей берудің де қажеті жоқ, мұның орнына тәуекелі басым активтерге төлем салғандары абзал», – делінген хабарламада.

«Канаданың инвестициялық зерттеулерге маманданған BCA Research компаниясы дайындаған баяндамаға қарағанда, енді адамзаттың жойылып кетуіне 700 жылға жетер-жетпес қана уақыт қалған – бұл 3 млн жылдық тарихы бар адам баласы үшін барынша қысқа мерзім», – деп жазады агенттік бұдан әрі.

Goldman Sach компаниясының бұрынғы экономисі, BCA Research компаниясының бас стратегі Питер Березиннің өткен аптада «Ақирет күнінің тәуекелі» деген атаумен клиенттерге жолдаған шолуында ақырзаманның болуы және адамзат өркениетінің жаппай жойылып кетуі ықтималдылығы жөнінде сұрақтар қойылады.

«Ең қатты мазасыздандыратыны, біздің талдауымыз адамдардың бірнеше жүзжылдықтың шегінде жойылып кетуінің жоғары ықтималдығы мұның біз болжағаннан да көп бұрын болып қалуы мүмкін екендігінде болып отыр», – деп атап көрсетілген шолуда.

Березин мұндай ықтималдылықтың тек ақыл-ойдың ойындарынан туып отырғанын жасырмай айта келіп, адамзаттың 2290 жылға қарай жойылып кетуінің ықтималдылығы 50 пайыз болып бағаланып отырғанын және мұның 2710 жылы орын алуы мүмкіндігі 95 пайызды құрайтынын алға тартады.

Канада ғалымдары Жер бетінде саналы өмірдің пайда болуының өзі өте сирек кездесетін құбылыс екеніне назар аудара тұрып, бақылаудағы Кеңістіктегі 400 млрд галактиканың арасында біздегіге ұқсас тіршіліктің іздерін табу қиынға түсіп келе жатқанын баяндайды. Алайда, осы кезге дейін біздің өркениетімізден тыс жерлердің ешқайсысынан тіршілік іздері табылған емес деп атап өтеді Березин.

АҚШ ғалымы Роберт Хэнсон 1996 жылы «Ұлы сүзгі» тұжырымдамасының көмегіне сүйене отырып, адамзаттың дамыған технология заманына келгенде өзін өзі жойып жіберіп тұру ықтималдылығын болжаған болатын.

«Бізде қазір Жерді жойып жіберуге күші жететін технологияның бәрі бар, бірақ біз әлі апат жағдайынна шығып кете алуға көмек беретін технологияны ойлап тапқан жоқпыз», – деп жазды осы орайда BCA Research.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)

Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр

Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады

Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды

Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады

Серік Ибрагимов бойдақтығымен қош айтысты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1276074-ghalymdar-adamzattynh-qashan-zhoyylyp-ke.html