RU

Тас жолда жүгіріп жүрген атыраулық екі зейнеткер ажал құшты

 Honda автокөлігін мінген Ресейдегі Астрахань облысының тұрғыны Атырау обылысы Мақат ауданындағы тас жолда таңертең жүгіріп жүрген екі зейнеткерді қағып кеткен деп хабарлайды жергілікті "Ақ жайық" басылымы.

Көлік апаты Доссор-Бейнеу тас жолында болды. Көліктің жүргізушісі 47 жастағы Реей азаматы. Қаза болғандардың жасы 66 және 67-де. Біреуі апат болған жерде көз жұмса, екіншісі ауруханада қайтыс болған.

"Хонданың" жүргізушісі ұсталды, қазір сот алды тергеу жүргізілуде. Аталған факт бойынша "Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеті" бабымен қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады Мақат ауданының прокуроры Аршат Тайтуллин.

Автокөлік жүргізушісі 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)

Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр

Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады

Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды

Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады

Серік Ибрагимов бойдақтығымен қош айтысты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1276176-reseylik-azamat-tas-zholda-zhugirip-zhug.html