RU

Алматы облысында өлтірілген үш ағайындының туыстары Назарбаевтан ату жазасын қайта енгізуді сұрап отыр

Алматы облысы Жамбыл ауданында айуандықпен өлтірілген үш азаматтың туыстары елбасыдан ату жазасын қайта енгізуді сұрады, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлімханұлы есімді үш азаматтың Ұзынағаш базарына мал сатуға келіп жоғалғанын, кейін олардың айуандықпен өлтірілгені хабарланған.

Қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Талғат Сүлейменов, Мұрат Оңалбаев есімді екі азамат қамауға алынған. Төбеден түскендей болған ауыр қылмыстан естерін жиып үлгірмеген олар мұндай қылмыскерлер үшін өлім жазасын қолдануды қайта енгізу керек деп санайды.

«Менің ғана өтінішім емес шығар, өлім жазасына енгізілген мораторийді алып тастауды сұраймыз. Әйел зорлаған, айуандықпен кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілуі керек», - дейді марқұмдардың бірінің туысы Еркін Бейсекейұлы.

Марқұмдардың туыстары қылмысты тергеу барысына көңілдері толмайтынын, полиция қызметінде салғырттық барын айтады. Олардың айтуынша, қылмыс орнында тергеуге сеп болатын біршама айғақ заттар сол жерде қалып қойған. Куәгерлерден де толық жауап алынбаған.

«Осы істі аяғына дейін жеткізе алатын мемлекеттік органдарға, «Нұр Отан» партиясына сенемін. Бұл қылмыс екі адамның ісі еместігін толық тексеріп, халықтың разылығын алады деп сенемін. Қылмысты ашуға талпынбаған Ұзынағаш полициясының жауапкершілігін анықтауды сұраймыз», - дейді айуандықпен өлтірілген үш азаматтың туысы Тұрсын Әмірбайұлы.

Қаза болған үш жігіттің артында әйелдері жесір, сегіз бала жетім қалды. Марқұмдардың туыстары мемлекеттік мекемелерден осы отбасыларға материалдық жәрдем көрсетілсе деп тілейді.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)

Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр

Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады

Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды

Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады

Серік Ибрагимов бойдақтығымен қош айтысты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1276256-almaty-oblysynda-ayuandyqpen-oltiri.html