RU

Лукашенко Ислам Каримовтың жесіріне көңіл айтты (фото)

Беларусь президенті Александр Лукашенко бейсенбі күні жұмыс бабымен Өзбекстанға барып, Самарқан қаласындағы Ислам Каримовтың зиратына гүл шоқтарын қойды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Самарқан қаласында ол Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевпен кездесті. Келіссөздер кезінде Лукашенко екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдары көп екенін мәлімдеді.

"Біздің экономика саласындағы әріптестігіміз сәл кенжелеп қалды. Алдағы уақытта - бір, екі, үш жылда - біз екі ел арасындағы азғандай тауар айналымын міндетті түрде ұлғайтамыз", - деді Лукашенко.

Шавкат Мирзияев Беларусь елін "байырғы серіктес" және "дос мемлекет" деп атап, тауар айналымының қазіргі жағдайы тым аз екенін мойындады. "Біз тауар айналымын өсіретін салаларды анықтауымыз керек", - деді ол.

Самарқан қаласында Лукашенко Ислам Каримовтың жесірімен кездесіп, көңіл айтты. Сол күні Беларусь басшысы "Хазрат Хизр" зиратына барып, Шахи Зинда ескерткіш кешені жанында орналасқан Ислам Каримовтың зиратына гүл қойды.

Еске сала кетейік, Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов 2 қыркүйекте инсульттан бақилық болды. Оны 3 қыркүйекте Самарқандағы Шахи-Зинда кесенесіне жерледі.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында өлтірілген үш ағайындының туыстары Назарбаевтан ату жазасын қайта енгізуді сұрап отыр

Төбелес шығарған ер адамға тосқауыл болмаған қазақстандық полицейлер жұрттың ашуын келтірді (видео)

Ашық-шашық қыздардың клипі жұртты Ninety One тобынан бетер шошытты (видео)

Атыраулық тұрғын туған жеңгесін балағаттаймын деп басы бәлеге қалды

Тас жолда жүгіріп жүрген атыраулық екі зейнеткер ажал құшты

Францияда бір шешімге келе алмаған депутаттар бірін бірі аяусыз тоқпақтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1276475-lukashenko-islam-karimovtynh-ziratyna.html