RU

Қырғыздардың айыр қалпағы Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)

Гиннес рекордтар кітабының жетекшелері қырғыздардың ұлттық бас киімін тіркеу туралы өтінімді қабылдаған деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Қырғыздардың Ұлттық бас киім күніне орай әзірлеген бас киім әлемдегі ең үлкен айыр қалпақ болып отыр. Бұл туралы «Кабар» телеарнасына қалпақты әзірлегендердің бірі Солтобек Эркин хабарлаған.

Айта кетейік, бір топ студент наурыз айында биіктігі 2,7 метр болатын қалпақты дайындап, Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтінім берген.

«Мен сәуірде өтінім бердім. Кеше өтінімнің қабылданғаны және рекордты растау туралы сертификат алуға болатыны жөнніде хат келді. Бұл үшін тоғыз құжат жинау керек. Мысал үшін, видеокөрсетілім, фотосуреттер мен қалпақ туралы жазылған БАҚ материалдары керек», - дейді Солтобек.

Қалпақ таза киізден жасалған. Студенттер енді оны Ұлттық музейге беруді жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында өлтірілген үш ағайындының туыстары Назарбаевтан ату жазасын қайта енгізуді сұрап отыр

Төбелес шығарған ер адамға тосқауыл болмаған қазақстандық полицейлер жұрттың ашуын келтірді (видео)

Ашық-шашық қыздардың клипі жұртты Ninety One тобынан бетер шошытты (видео)

Атыраулық тұрғын туған жеңгесін балағаттаймын деп басы бәлеге қалды

Тас жолда жүгіріп жүрген атыраулық екі зейнеткер ажал құшты

Францияда бір шешімге келе алмаған депутаттар бірін бірі аяусыз тоқпақтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1276482-qyrghyzdardynh-ayyr-qalpaghy-ginnes-rek.html