RU

БАҚ: АҚШ Ресеймен соғысуға дайындалып жатыр

АҚШ генералдары болашақта орын алатын Ресей мен Қытайға қарсы соғыстың өте тез аяқталатынын және оның көп шығын әкелетінін айтып отыр. Бұл туралы The Independent ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Басылымның жазуынша, 6 қазан, бейсенбі күні Вашингтонда өткен АҚШ армиясы ассоциациясысының конференциясында айтылған.

Газеттің ақпарына қарағанда, Құрама Штаттар армиясы штабының бастығы Марк Милли келешекте кең ауқымды соғыстан «қашып құтылу мүмкін болмай қалатынын» мәлімдеген.

Өз кезегінде генерал-майор Уильям Хикс «жақын арада қазіргі қару-жарақты қолдану арқылы жүргізілетін кез келген соғыстың барынша тез өте шығып, орасан зор құрбандықтарға апарып соқтыратынын» алға тартты. «Біз оны өзіміздің қалауымызбен ғана тоқтата алмаймыз», – дегенді қосты ол бұған.

Хикс түсіндіргендей, бұл бірінші кезекте ұрыс қимылдарын жүргізу құралдарының автоматтандырылуы мен жасанды интеллектінің дамып бара жатқанына байланысты осылай болғалы тұр. Генералдың айтуынша, Ресей мен Қытайдың әскери құрылымды жетілудіруде қол жеткізген соңғы жылдардағы табыстары АҚШ армиясын Корей соғысы жылдарынан бері көрмеген кең ауқымды ұрыс қимылдарына дайындалуға мәжбүр етіп отыр.

Мұнымен АҚШ армиясы штабы бастығының орынбасары, генерал-лейтенант Джозеф Андерсон келісетінін білдірді. Оның сөзінше, «әскери салада бәсекелес» Ресей сияқты елдердің «батыл іс-әрекеттер жасауы» АҚШ-ты өзге елдер тарапынан болатын қауіп-қатермен соқтығысып қалуға алып барады. Ресей мен Қытайдың тез дамуы АҚШ-тың әуедегі үстемдігін жоғалтуына соқтырады, мұның соңы армия мен флотта проблемалар туғызады, дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Қытайда бір мезетте 20 мың көлік кептеліп қалды (видео)

Ольга Рыпакова ресми түрде Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Ыстамбұл әуежайына жақын маңда жойқын жарылыс болды

«Алматы-1» теміржол вокзалы маңында метро стансасы салынады

Еліміздің солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1276557-baq-aqsh-reseymen-soghysugha-dayyndalyp.html