RU

Қазақстан Ресеймен бірігіп жолаушылар ұшағын шығармақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Қазақстан авиация зауыты" ресейлік "Таганрогский авиациялық ғылыми-техникалық кешенімен" біріге отырып Петропавлда авиациялық зауыт салудың ірі инвестициялық жобасын қолға алды. Бұл туралы pkzsk.info агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Зауыт 2020 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.

"Бүгінде инвесторлар Петропавл халықаралық әуежайы маңынан жер бөлуді сұрауда. Инвестициялық даму министрлігі және Қазақстанның азаматтық авиация комитетімен келісімдер жасалып қойған... Құрылысты 2017 жылы бастау жоспарланып отыр. Алайда бүгіннің өзінде "Қазақ инвест" қаржы тобы Таганрога зауытының бір жүк ұшағын сатып алып, қолданысқа енгізіп көруге әзір", - дейді СҚО Индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов.

Сәдуақасовтың айтуынша, Петропавлда өткен екінші халықаралық инвестициялық форумда Таганрога зауытының бас конструкторы Грудинин Ю.В. мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ахметов Р.Б. 67,1 млрд теңге қаражатқа авиациялық зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты меморандумға қол қойған.

"Бұл жоба бойынша Бе-132 моделіндегі жолаушы ұшақтарын жылына 70 бортқа дейін құрастыру жоспарланып отыр. Бұл ұшақтар қиын метеожағдайларда да ұша алады. Құрастырушылар ұшақтың ұзаққа шыдас беретініне уәде етуде", - дейді "Қазақстан авицаия зауытының" бас директоры Антон Проданов.

Тағы да оқыңыздар:

Ыстамбұл әуежайына жақын маңда жойқын жарылыс болды

Қостанайда ақшаға қызыққан күдікті зейнеткерді аяусыз өлтіріп тастады

Назарбаев алғашқылардың бірі болып Путинді туған күнімен құттықтады

Қостанайда шенеунік 300 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып қалды

«Алматы-1» теміржол вокзалы маңында метро стансасы салынады

Ольга Рыпакова ресми түрде Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан Ресеймен бірігіп жолаушылар ұшағын шығармақ
Mailfire view pixel