RU

Головкиннің жаттықтырушысы оның жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кезінде Геннадий Головкинмен бірге жұмыс істеген танымал қазақстандық жаттықтырушы Ғалым Кенжебаев Генадийдің Эдуард Гуткнехттен 2005 жылы Германиядағы Chemie Pokal турнирінде жеңілгеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Кенжебаев сол жекпе-жектен кейін Геннадиймен тілдескенін алға тартты.

"Головкин Эдуардтың оны үнемі ұстап, бокстасуға мүмкіндік бермегенін айтты. Геннадий оған шабуылдаумен болса, Эдуард оны үнемі ұстап тұрумен болды. Рефери бұған көз жұма қарады. Мамандардың пікірнше, бұл жекпе-жекте Геннадий жеңілген емес", - дейді жаттықтырушы.

Кенжебаев Эдуардтың осы жекпе-жектен кейін Головкиннен секем алып қалғанын жасырмады.

"Галладағы турнирде Геннадий жастар арасындағы чемпионатта жеңіске жетті. Ал Эдуард өзге салмақта екінші орынға ие болды. Олар - құрдас. Сол турнирде екеуі кездескенде, Эдуард одан ашық қорқынышын байқатып қойды", - дейді Кенжебаев.

Жаттықтырушы Геннадийдің жекпе-жекте басымырақ болғанын, ал неміс боксшысы бүгінде ол жеткен жетістіктерге қол жеткізе алмағанын айтуда.

"Не кәсіби рингте, не әуесқой рингте біз ол туралы естіген емеспіз. Дәл сол Галлада 2007 жылы Сәпиев те үлкен басымдық көрсеткен еді. Алайда есеп бойынша неміс боксшысын алға қойды", - деп есіне алды ол.

Кенжебаев бокста пиар үшін әркім "кезінде оны жеңген едім" деп айта алатынын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Эдуард Гуткнехт Геннадий Головкинді жеңгенін әңгіме еткен болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Ыстамбұл әуежайына жақын маңда жойқын жарылыс болды

Қостанайда ақшаға қызыққан күдікті зейнеткерді аяусыз өлтіріп тастады

Назарбаев алғашқылардың бірі болып Путинді туған күнімен құттықтады

Қостанайда шенеунік 300 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып қалды

«Алматы-1» теміржол вокзалы маңында метро стансасы салынады

Ольга Рыпакова ресми түрде Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Головкиннің жаттықтырушысы оның жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)
Mailfire view pixel