RU

Ажырасқан ер адам әйелді жоғалтпау үшін не істеу керектігін айтты

Үйлену оңай, үй болу қиын. Ал, қиындыққа төтеп бере алмасаңыз, ең оңай жолы екіге айырылып кете бару. Ал, бұлай жеңілдің астымен өте шығу ешкімге абырой әкелмейді. Сол себепті, ажырасқан ер азаматтың кеңестерін ikerim.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Әлеуметтік желілерде пайда болған бұл материал көпшілік талқысына түскен еді. Өз сөзін: «Әлбетте, мен қарым – қатынас сарапшысы емеспін, бірақ тәжірибем бар. Ажырасу ойлануыма әсер етті, мен 16 жыл бірге болған әйелімді жоғалтттым, енді оны қайталағым келмейді» — деп бастады Джеральд Роджерс.

Ол өзінің осы 16 жылда жіберген қателіктерін теріп көрген екен:

Оған қамқорлық танытуды тоқтатпаңыз

Жігіттердің бірінші қателігі алғышқы кезде көрсететін құрмет, қамқорлығын аралары жақындаған сайын азайта түседі. Әйеліңіз - өміріңіздің құнды қазынасы! Ол туралы ұмытуға болмайды. Оны еркелетіп, мейірімге бөлеуден қашпаңыз!

Өз жүрегіңізді қорғаңыз

Жүрегіңіз өзге сұлуға ауып кетпеуін қадалағаңыз! Кез-келген ару сүйгенінің жүрегінде жалғыз өзі болғанын қаллайды. Сол үшін сіз еркек ретінде жарыңыздың да, өзіңіздің де жүрегіңізді жат көздерден сақтауға міндетті екенсіз.

Қайтадан ғашық болыңыз! Қайтадан және қайтадан…

Біз адамдар өзгеріске түсіп отырамыз, мысалы бес жыл бұрын сіз мүлде бөлек ойлайтынсыз, басқаша ұғынатынсыз. Ал қазір тіптен өзге. Әрине, бастапқы кездегі сезім, үйленгендеріңізге бес жыл болғанда да сол күйінде қалады деп айту қиын. Сол үшін серігіңізден жаңалық тауып ғашық бола түсіңіз. Танысқаныңызға бір апта болғандағыдай ғашықтықты сөндірмеңіз!

Оны өзгертуге тырыспаңыз

Ол сіздің жұмысыңыз емес. Сіздің жұмыс - оны сүю. Сіз қаттырақ сүйген сайын, әйелдер өздері-ақ сіз қалағандай болып өзгереді.

Оны кінәлі санамаңыз

Ерлер жұмыстан шаршап келсе де, ашуланып келсе де, тіпті қандай да бір сәтсіздігінің өшін әйелден алуға құмар. Оны доғарыңыз! Өз ісіңізге өзіңіз жауап беріңіз! Әйелдер күйеулерінің мазасы болмаса, өзінің қажеттілігінен бас тартады. Неге ол сіздің жұмыста әріптесіңізбен сөзге келгеніңіз үшін, туылған күнге бармай қалуы керек!?

Әйеліңіз өмір сүрсін

Біздерге тым еркіндік те ұнамайды, тым қаспақта болған да жағымсыз! Дәл балансты ұстап тұрсаңыз, сіздің басыңызды бақыттан айналдыратын - әйелдер!

Шыншыл болыңыз

Бір рет алдаған адамнан өзіңіз де үнемі күдіктеніп тұратын шығарсыз? Сондай күдіктенуден оны да сақтаңыз. Ал ол тікелей сіздің шыншылдығыңызға байланысты. Тек ол шындықты масаң күйде айтпаңыз.

Дереккөзі: «АҚ босаға» газеті

Тағы да оқыңыздар:

Алты жасар қызды зорлаған күдікті бала кезінде өзі де зорлық көрген

Әлемдік басылым Баландин, Левит, Рыпакованы мұсылмандар қатарына қосып қойды

Қазақстан Ресеймен бірігіп жолаушылар ұшағын шығармақ

Головкиннің жаттықтырушысы оның жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті өміріне мән сыйлаған жарына алғыс айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1276882-azhyrasqan-er-adam-ayeldi-zhoghaltpau-ush.html