RU

Жер жүзіндегі ең кәрі мысық 31 жасқа толды (фото)

Ирландияда тұратын Мускат есімді мысық 31 жасқа толды. Ол мысықтұқымдас жыртқыш өкілдерінен Жердегі ең кәрі мысық деп хабарлайды 24.kz.

Оған қожайындары мерекелік торт сыйлады. Отбасында мысық 5 жасында 1990 жылдары келген. Оның ұзақ жасағанын растайтын құжаттар болмағандықтан үй жануары Гиннестің рекордтар кітабына енген жоқ.

Мускат былтыр инсульт алған екен. Алайда қазіргі уақытта ол толықтай емделген, жағдайы жақсы. Бұдан бұрын Жапонияда мысықтар мен иттердің өмір ұзақтығы тарихи рекорд орнатқаны туралы хабарланған еді.

Мұндай қорытындыны Токио университетінің ауыл шаруашылығы зерттеушілері және Ветеринарлар ассоциациясы сарапшылары шығарды. Жапондықтардың зерттеуі бойынша иттер 14 жас, ал мысықтар 12 жас жасайды екен.

Тағы да оқыңыздар:

Алты жасар қызды зорлаған күдікті бала кезінде өзі де зорлық көрген

"Әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманын" тізген басылым Баландинді мұсылман етіп қойды

Қазақстан Ресеймен бірігіп жолаушылар ұшағын шығармақ

Головкиннің жаттықтырушысы оның жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті өміріне мән сыйлаған жарына алғыс айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1276903-zher-zhuzindegi-enh-kari-mysyq-31-zhasqa-tol.html