RU

Әділет министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Әділет министрлігінде заманауи, қажетті жабдықтармен толық қамтылған жаңа баспасөз орталығы ашылды. Бұл туралы осы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр Марат Бекетаев журналистерді баспасөз қызметінің алдағы уақыттағы жоспарымен таныстырып, министрліктің ресми өкілін тағайындады. Бұл қызметке тілші Олжас Рамазанов бекітілді.

Ведомство басшысының айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп жатқан заң жобаларын ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан баспасөз орталығы ведомствоаралық комиссияда қаралатын заң жобалары туралы ақпаратты қоғамға жеткізетін болады.

Айта кету керек, жаңа залда журналистер комиссияның жұмысын тікелей эфирде көре алады.

"Ал әрбір баяндамадан кейін сөз сөйлеген адам осында келіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерініңң сұрақтарына жауап беретін болады. Бүгіннен бастап мекемеаралық комиссияның жұмысы осындай форматта ұйымдастырылады", - деп атап көрсетті министр Марат Бекетаев.

Тағы да оқыңыздар:

Павлодар мен Арқалықта қараусыз қалған үш бала қаза болды

Алты жасар қызды зорлаған күдікті бала кезінде өзі де зорлық көрген

Әлемдік басылым Баландин, Левит, Рыпакованы мұсылмандар қатарына қосып қойды

Қазақстан Ресеймен бірігіп жолаушылар ұшағын шығармақ

Головкиннің жаттықтырушысы оның жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті өміріне мән сыйлаған жарына алғыс айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1277030-adilet-ministrligininh-resmi-okili-ta.html