RU

Айнұр Тұрсынбаева жол апатын жасаған қызының жағдайы қиын екенін айтты

Көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болған оқиғадан соң психолог маманның кеңесіне жүгінген деп хабарлайды NUR.KZ.

Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, оның қызы Айдана бұған дейін ешқандай оғаш қылық көрсетпеген, ол тіпті үйден себепсіз шығып, түнгі клубтарға да бармайды екен. Ол анасына ешқашан артық сөз айтпайтын көрінеді.

Айтыскер ақынның пікірінше, болған оқиға ол бойжеткен қыз өміріндегі үлкен сынақ. Себебі, ол бүгінде жүргіншіні қағып кеткені үшін өзін өзі кінәлап, оның тез сауығып кетуін Алладан сұрап жүр екен.

"Мен оған қатысты қаншалықты дұрыс қадам жасауын білмедім. Мен оны қазір кінәласам, ол өзін-өзі жеп қоюы мүмкін. Кінәламай сенікі дұрыс деп тағу айтуға болмайды. Қызымның қыдырып, бір жерге түнеп қалу, түнделетіп жүріп, 18-ге келсе де бір жігіттермен хат алысып жатқанын да көрген емеспін.  Бұны қателік деп айтқан дұрыс па білмеймін, өз басым сынақ деп есептеймін, жазым ғой", - деді ана Айнұр.

Қызының психологиялық жағдайын ескерген Айнұр оны психологиялық дәрістерге апаруды жөн көргенін айтады.

Дегенмен, зардап шеккен жігіттің отбасымен Айнұр Тұрсынбаева өзара келісе алмаған. Ақынның отбасы жігіттің дәрі-дәрмек, емін төлеп беруді ұсынса да , олар одан бас тартқан екен.

"Жігіттің аман қалғанына шүкір деп отырмыз", - деді Айнұр Тұрсынбаева.

Естеріңізге салсақ, танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Астанадағы «Бәйтерек» монументінің алдында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Кейін дәрігерлер оның жағдайына баға беріп, оның есте сақтау қабілетіне зақым келгенін жеткізген болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Алты жасар қызды зорлаған күдікті бала кезінде өзі де зорлық көрген

Әлемдік басылым Баландин, Левит, Рыпакованы мұсылмандар қатарына қосып қойды

Қазақстан Ресеймен бірігіп жолаушылар ұшағын шығармақ

Головкиннің жаттықтырушысы оның жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті өміріне мән сыйлаған жарына алғыс айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1277163-aynur-tursynbaevanynh-zhayau-zhurginshin.html