RU

17 жастағы студент Алматы аруы атанды

Алматыда қаланың ең сұлу қызы анықталды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Биылғы жылы ең сұлу қызды таңдау оңайға түскен жоқ. Себебі, байқаудың ақтық сайысына 21 қыз бір-ақ қатысқан. Олардың барлығы көрікті әрі мүсіндерінде де мін жоқ болды. Бірақ қазылар алқасының таңдауы 17-жасар Кәмилә Асиловаға түсті. Олар Кәмилә қаланың ең сұлу қызы деген атаққа лайық деп тапты. Ол Алматыдағы Республикалық Эстрада-цирк колледжінің студенті.

2016 жылы байқау жеңімпазы Алматы аруы ғана емес, сонымен бірге мыңжылдықтың сұлуы деген құрметті атаққа ие болды. Себебі, биыл қаланың құрылғанына мың жыл толып отыр.

Бірінші вице-мисс атағына Айдана Әлиева қол жеткізсе, екінші вице-мисс болып Лаура Исмаилова танылды (22 жас).

Үшінші орынға Адема Алмаз ие болды. Ол 18 жаста.

Сонымен бірге, Миcc People Choice арнайы аталымында NUR.KZ сайтында дауыс беру арқылы жеңіске жеткен Валентина Черкашина жеңімпаз атанды.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен "Алматы аруы. Мықжылдық сұлуы" байқауының ақтық мәресі қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен жалғасты.

Енді Кәмилә "Қазақстан аруы-2016" байқауына қатысатын болады. Онда жеңімпаз атанған ару "Әлем аруы" байқауында Қазақстан намысын қорғамақ.

Тағы да оқыңыздар:

Алты жасар қызды зорлаған күдікті бала кезінде өзі де зорлық көрген

Әлемдік басылым Баландин, Левит, Рыпакованы мұсылмандар қатарына қосып қойды

Қазақстан Ресеймен бірігіп жолаушылар ұшағын шығармақ

Головкиннің жаттықтырушысы оның жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті өміріне мән сыйлаған жарына алғыс айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1277378-almaty-aruy-2016-bayqauynynh-zhenhimpazy.html