Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

10 қазанға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Айналаңыздағыларға қоятын талаптарыңызды саралайтын уақыт келді. Бүгін сізден белсенділікті және кенет әрекеттеріңізді талап ететін көптеген маңызды қаныққан оқиғалар орын алуы мүмкін. Шығармашылық қабілетіңізді жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Торпақ

Бүгін өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді жүзеге асыруға мүмкіндік жасайтын жаңа жоспарлар мен идеялар туындайды. Өз ниетіңізді жүзеге асыруға талпыныңыз, егер олар сәл де болса маңызды болса, онда істеген ісіңізге өкінбейсіз. Өзіңіздің бірегей  және бағалы екеніңізді дәлелдемей, тыныш отырғаныңыз жөн болар.

Егіздер

Бүгін сіз оқиғаның тап ортасынан бір-ақ шығуыңыз мүмкін.  Бәрінің назары сіздің қарапайым тұлғаңызға қадалуы мүмкін. Имиджді ауыстыру туралы ойлағаныңыз жөн. Сіздің кәсіби және ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз құнына қарай бағаланады. Өте маңызды мәселелерді сізге шешуге тура келеді, сондықтан қыңырлық көрсетпей, бас тартуды қойыңыз. Айтқан сөздеріңізге мұқият болыңыз, ойыңызды айтар алдында жақсылап ойланып алыңыз.

Шаян

Егер сіздің демалысыңыз басталмай жатса, онда өз назарыңызды тек жұмыс мәселелеріне жұмылдырғаныңыз жөн болар. Қолыңыздан келетін мәселелерге ғана уақыт бөліп, соларды шешуге күш жұмсаңыз. Оқиғаларды жылдамдатудың қажеті жоқ, олар өз ағысымен жүре берсін, сол кезде жинақталғаныңыз алға қойылған міндеттерді шешуге көмектеседі. Кез келген істе сақтық пен зейінділік қажет.

Арыстан

Бүгін өз пікіріңізді байқап айтыңыз, болмаса қолайсыз жағдайға қалуыңыз мүмкін. Бұл күні достарыңыздың көмегі керек болады, үлкен көлемді жұмысты іске асыру жалғыз өзіңізге қиын болады. Кешке келешегі бар ұсыныстарға байланысты жақсы жаңалықтар болуы мүмкін.

Бикеш

Бүгінгі күніңіз шығармашылық белсенділікке өте қолайлы. Сәтсіздік алқабы артта қалды. Сізді шығармашылық қуаты билеп алғандықтан, қуана іске кірісуге болады. Кеңістігіңізді кеңейтіңіз, өзіңізге соншалықты қажет болып жүрген жаңа бір нәрсе үйреніңіз.

Таразы

Өмірлік тәжірибеге және логикаға сүйене отырып, болып жатқан оқиғаларды мұқият саралап шығыңыз. Өзге пікірге мойын бұрмаңыз. Жұмыстағы әріптестеріңізге/достарыңызға ашық сын айтудан тартыныңыз. Алдыңызда сіздің қаржылық жағдайыңызды жақсартуға әкелетін жаңа нәрсе күтіп тұр. Сіздің жоспарыңыз айналадағылардың жоспарынан әлдеқайда өзгеше болып, осы тұрғыда біраз дау тууы мүмкін.

Сарышаян

Бүгін үйренуге қолайлы, біліктілікті немесе кәсіби деңгейді жоғарылатуға қатысты ақпарат өте жақсы меңгеріледі. Бүгін көптеген істер өздігінен немесе серпінмен шешілуі мүмкін. Егер өз ісіңіздің дұрыс екеніне сенімді болсаңыз, пікірталасқа бас сұқпаңыз. Кешке туыстарыңызға сіздің көмегіңіз қажет болады.

Мерген

Мергендердің жұмысында шығармашылық идеялар пайда болуы мүмкін, олар тез арада шындыққа айналып кетуі ықтимал. Әріптестермен қарым-қатынас жақсарады, бұл жағымды атмосфераны құрайды. Жоспарланбаған таныстық табысты ынтымақтастыққа апаруы мүмкін. Өзіңізбен және айналаңыздағылармен адал болуға тырысыңыз, сонда сіз алдау құрбаны болудан сақтанасыз!

Тауешкі

Бүгін Тағдыр сізге оң көзбен қарайды, өз ісіңізді бастауға мүмкіншілігіңіз бар, ол үшін сізге тек сәттілік қана емес, сонымен бірге күш-куатыңыз бен уақыт талап етіледі. Алда сізді қызықты ұсыныспен еліктіруі мүмкін, одан бас тарту қиын болады, бірақ бірден келісім бермеңіз, жақсылап ойланыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін кез келген мәселені іс жүзінде шеше аласыз. Қарым-қатынас ортаңызды өзіңізге жағымды және пайдалы адамдармен толықтырыңыз. Табысты жұмыс үшін сізге шыдамдылық, сабырлылық пен байсалдылық қажет. Күн жаңа істерге қолайлы.

Балықтар

Бүгін өз жобаларыңызды жүзеге асыруыңыз қиынға соғады. Күннің екінші жартысында ешқандай жаңа іс бастамаңыз, одан да жатып демалыңыз. Өткенді еске алудың қажеті жоқ, ескі достармен кездесу – сол өткенге құрмет көрсетудің бір тәсілі. Алдыңызда қызықты және тағдырыңызды шешетін кездесулер күтіп тұрғанын ұмытпаңыз.

Тағы да оқыңыздар:

Алты жасар қызды зорлаған күдікті бала кезінде өзі де зорлық көрген

Әлемдік басылым Баландин, Левит, Рыпакованы мұсылмандар қатарына қосып қойды

Қазақстан Ресеймен бірігіп жолаушылар ұшағын шығармақ

Головкиннің жаттықтырушысы оның жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті өміріне мән сыйлаған жарына алғыс айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1277544-10-qazangha-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/

pixel