RU

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін "қырындады" деп айыптаған Сыдықоваға жауап берді

Желіде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы да шулы әңгіме тарала бастады. Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенті Еңлік Сыдықова желі парақшасына видео жариялап, онда Мұхамедиұлын арсыз ұсыныстар жасап, пара сұрады деп айыптап отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Еңлік Сыдықованың айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы Өнер академиясының ректоры қызметін атқарған кезде оқуға түсуге келген қыздан 3 мың долларға тең пара сұрап, онымен жақындасқысы келген. Оқиғаның мән-жайын Еңлық Сыдықова видеода толық айтып берді.

Қыздың сөзіне сенсек, қыздарға "қырғидай тию" Арыстанбек Мұхамедиұлының әдетіне айналған. Оның тобындағы қыздардың көбіне ол осындай ұсыныстар жасаған-мыс. Ол тіптен, мас күйінде келіп, топты ән айтуға мәжбүрлеген кездер де болған екен.

Видеоны көрген желі қолданушылары Еңлікті қолдау мақсатында түрлі пікірлерін білдіріп жатыр.

Ал Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұған айтар өз уәжі бар екен.

"Мен бұл мәселеге пікір білдірмесем де болатын еді. Алайда, елге танымал тұлған, оның ішінде, Мәдениет министрі болған соң бұл мәселені айналып өтуге хақым жоқ. Бұл видео хабарламаның дәл сол уақытта емес, бірнеше жылдан кейін жарық көргені күдік ұялатады. Шамасы, біреулерге менің қызметімді қаралаған керек сияқты", - дейді Мұхамедиұлы.

Министр Еңлік Сыдықованың мәлімдемесін жала жабу деп танып, өз құқығын заңды жолмен қорғайтынын жеткізді.

"Меніңше, видео хабарламаны жазған қыз адвокаттармен жұмыс істеу керектігін білмейтін секілді. Мен мамандарға видеоны жақсылап зерттеуді тапсырдым. Енді барлығын заң талаптарына сай зерттейтін боламын", - дейді министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, бұл өзіне қарсы әдейі ұйымдастырылған іс болуы мүмкін.

"Видео соңында ол Болат Атабаевтың тобында оқығанын айтып, өзін ұстап берді. Әрине, бәрі түсінікті. Мүмкін бұл қызға ақша төлеген шығар, мүмкін ол жай ғана өзін жарнамалағысы келген шығар", - дейді министр.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті

Ақтөбелік уахабшылар балағын ұзартып, сақалын қыра бастады

Шымкент әкімі "көке-жәке" деп таныс іздейтіндерден шаршағанын айтты

Тыңдармандар Мейрамбек Беспаевтың қаталдығына қайран қалды

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)

"Қазақстан аруы" атанған сұлулардың үйлену тойы қалай өтті?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1277578-zhurgenov-akademiyasynynh-studentteri.html