RU

Қырғыз суретшісі бала Путиннің портретін шегемен салып шықты (фото)

Қырғыз суретшісі Азамат Жаналиев Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне орай оның портретін шегемен жасап шықты. Бұл туралы «Балтика» радиосының дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Жаналиев картинаны жібек жіптер мен шегені пайдалана отырып жасаған екен. Ол бұларды арнайы фанердің бетіне жапсырған.

Суретші журналистермен кездесуінде туындысын Путиннің қолына жеке өзі барып тапсырғысы келетінін айтқан. Бірақ жаһанды кезетін саяхатқа шығуды жоспарлап қойғандықтан, мұның орайы келмейтін сияқты. Ал жиһанкездігі кезінде 200-ге жуық танымал тұлғаның портреттерін салуға ниеттеніп отыр. Сондықтан Ресей президентінің портретін Санкт-Петербургтегі Петропавл қамалына қалдырып кетпекші.

«Мен оның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы менің сыйлығым жайында хабардар болатынына және өзім кетіп қалып жатсам, портретті апарып беретін адамның табылатынына сенгім келеді. Бірақ Кремльге шақырып жатса, мен қайда жүрсем де, жетіп келемін», – деді Жаналиев журналистерге.

Суретші өзінің Facebook-тегі парақшасында картинаны Ресейде тұратын барлық қырғыз мигранттары атынан сыйлайтынын айтты.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)

71 жастағы ата интернеттің қызығына батып, желіде жұлдыз болды (видео)

Ерболат Беделхан: Шаш өсіріп, сырға таққанда тұрған ештеңе жоқ

Ақтөбедегі теракт: Лаңкестерге үкім оқылатын зал үлкейтіліп, 1,5 миллион теңгеге жабдықтар алынған

Атырауда екі сантехник кәріз жүйесінде тұншығып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1277777-qyrghyz-suretshisi-bala-putinninh-portr.html