RU

Ақтөбелік келіншек алты баласын асырау үшін Шымкентке кетіп қалған

Құрбан айт мейрамы кезінде ақтөбеліктер алты баланың суық үйде ата-анасыз тұрып жатқанын естіп, көмектескен еді. Балалардың анасы отбасын асырау үшін басқа қалаға кеткен болса, әкелері инсульт алып, ауруханаға түскен.

Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

Құрылысы бітпеген үйдің бетон еденінде ұйықтап жүрген балалардың жағдайы барлығын алаңдатқан. Көптің көмегімен уақытша пәтерге көшірілді.

Отбасымен облыстық мәслихат депутаты Марат Итеғұлов пен қалалық мәслихат депутаты Талғат Хамитов, “Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер ассоциациясының” төрағасы Дмитрий Довматенко және “Забота-Қамқоршылық” қайырымдылық қоры” ҚҚ менеджері Ақсұлу Қайырманова кездесіп, Бақыт Шыныбековтен жағдайларын сұрады. Алты баланың әкесінің айтуынша, киім мен тамақ жетерлік, тек үйінің құрылысын аяқтау үшін көмек керек екен. Үйге қыс түспей газ тарту керектігін айтты.

Қонақтар құрылыс материалдарын алу үшін 330 000 теңгеден астам қаражатты табыстады.

"Алла сіздерге денсаулық, отбастарыңызға бақыт берсін", - деп алғыс айтты Бақыт Шыныбеков.

Бұл отбасы үшін қиындық тудырып тұрған тек үй құрылысы ғана емес. Бұдан үш жыл бұрын үй салу үшін несие алған.

"Дағдарыс келіп, қиын жағдайға түстік. Несиені қайтару үшін бір жыл бұрын әйелім туған жері – Шымкентке жұмыс іздеп кетті. Ол зат сатады. Теміржол арқылы бізге ақша, тамақ, киім салып жібереді. Әйелім Шымкентке кетерде аяғы ауыр еді. Сол жақта босанды. Төрт айдан соң мен барып, баланы әкелдім. Әзірге отбасын асыраудың басқа жолы жоқ. Әйелім несиені жабады деген үміттемін", - дейді балалардың әкесі Бақыт.

Бақыт – жүргізуші. Ол көлікті несиеге алған. Бірақ жол апатына түскен. Ол көлікті де әйелінің көмегімен жөндеген. Бірақ көлікті банкке қайтарған. Денсаулығына байланысты жұмыс та таба алмай жүр. Барлық қарыздарынан құтылса, “балалардың анасы да келіп, ісіміз бірыңғайланар еді”, - дейді ол

Шыныбековтер отбасына қаланың әрбір тұрғыны көмектесті деп айтуға болады.

"Домострой" компаниясының арқасында үйдің қабырғалары түзеліп, еденімізде линолеум пайда болды. Ал бір азамат жылыту құралдарын орнатып берді. Енді қыста тоңбайтын болдық. Басқа бір азамат газ кіргізетін төлемдерді төледі. Ал астаналық депутат 300 мың теңге берді. Оған кірпіш сатып алдым. Әкімдіктегілерде көмектесуде. Ақшалай да, заттар әкеліп, тіпті қол еңбегін көрсеткендердің бәріне алғысымыз шексіз. Барлық қайырымды жандарға Алла бақыт берсін", - деді Бақыт Шыныбеков.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)

Түймебаев жаңа қызметін Шахановқа шапан жабудан бастады (фото)

Ерболат Беделхан: Шаш өсіріп, сырға таққанда тұрған ештеңе жоқ

Шымкент әкімі "көке-жәке" деп таныс іздейтіндерден шаршағанын айтты

Алмас Кішкенбаев жарының сұлу екенін айтып, мақтанды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1277811-alty-balasymen-suyq-uyde-turghan-azama.html