RU

Рөліне ие бола алмаған ақмолалық жүргізуші кішкентай қызды қағып өлтірді

Ақмола облысында жол аптанынан кәмелеттік жасқа толмаған қыз көз жұмды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қайғылы оқиғаға 2016 жылдың 9 қазанында кешкілік уақытта Бурабай ауданының Қатаркөл аулында орын алған.

«Ауыл көшесімен келе жатқан «Мазда» көлігінің жүргізушісі қарлы-жаңбырдың салдарынан рөлге ие бола алмай жол жетімен жүріп бара жатқан 2003 және 2004 жылғы екі қыз баланы қағып кетті. Қатты соққыдан қыздардардың бірі аурханаға апара жатқан жолда көз жұмды. Ал, екінші қыз және көлік жүргізушісі мен үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 1988 жылғы көлік жүргізушісі уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. Сондай-ақ, бірқатар сараптама тағайындалды", -  деп көрсетілген хабарламада.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)

Түймебаев жаңа қызметін Шахановқа шапан жабудан бастады (фото)

Ерболат Беделхан: Шаш өсіріп, сырға таққанда тұрған ештеңе жоқ

Шымкент әкімі "көке-жәке" деп таныс іздейтіндерден шаршағанын айтты

Алмас Кішкенбаев жарының сұлу екенін айтып, мақтанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1278040-roline-ie-bola-almaghan-aqmolalyq-zhurg.html