RU

"Қазақстан аруы" атанған сұлулардың үйлену тойы қалай өтті?

Соңғы жылы Қазақстанда жаңа некенің рекордты көп саны тіркелген екен. Шаңырағы биік, бақыт пен шаттыққа бөленген отбасын құрып, неке қиып жатқан жастардың саны көп.

Күз маусымында бүкіл республика бойынша үйлену тойы әлі де жалғасып жатты десек қателесер едік, сондықтан да бұл кезеңді үйлену тойының қызып тұрған шағы деуге болады, осыған орай әр жылдары «Қазақстан аруы» жеңімпаздарының жарқын әрі естен кетпес үш үйлену тойы туралы айта кеткенді жөн көрдік.

Айдай Исаева мен оның сүйіктісі Мақсат 2015 жылы сәуірде салтанатты үйлену тойын тойлады.

Заңды некеге тұрғанға дейін олар үш жыл кездескен. Мақсат Айдайды әрдайым барынша қолдап жүрді, тіпті, Қазақстанның намысын қорғау үшін қатысқан «Дүниежүзі аруы» байқауына да екеуі бірге барып келді. Байқаудан орала салысымен, жұп үйлену тойына дайындықты бастап кетті. Үйлену тойына туған-туыстар, достар, әріптестер шақырылды. Қонақтардың арасында «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары бой көрсетті.

Атап айтар болсақ: Альфина Насырова, Регина Вандышева, Салтанат Бекжігітова, Айгерім Үзембаева, Мадина Дәулетова, Әсел Спабекова. Қалыңдыққа қыз жолдас Ресей аруы-2014 атанған Юлия Алипова болды. Айдай Исаева екеуі «Дүниежүзі аруы» байқауында танысты. Қазір Айдай мен Мақсаттың бір ұлы бар.

2011 жылғы титул жеңімпазы, Талдықорған қаласының тумасы Айнұр Төлеуованың салтанатты үйлену тойы да ойдағыдай өтті.

Той 2014 жылы қыркүйекте болды. Тойға жұлдызды қонақ және әртістер ретінде "All давай" тобының солисі Шоқан Маратұлы, көңілді тапқыштар клубының өкілі Нұрдәулет Шертім шақырылды. Айнұр болашақ жары Мұхамедпен мектеп кезінде танысыпты.

«Жақында отбасын құрғанымызға 2 жыл болды. Меніңше, бізді тағдырдың өзі қосқан сияқты. Қазір Әзім атты ұлымызды бірге тәрбиелеп келеміз. Маған сүю бақытының бұйырғанына, сондай-ақ мені де жан-тәнімен сүйетін жанның болғанына шын жүректен ризамын» деп бөлісті ойымен Айнұр.

Тағы бір табысты әрі сұлу «Қазақстан аруы» 2010 байқауының жеңімпазы Орал қаласының тұрғыны Жанна Жұмалиева модель бизнесін бағындырып қана қоймады, сондай-ақ босағасы берік отбасын да құрып үлгерді.

Болашақ жары Елдармен ортақ достарының үйлену тойында танысқан екен. Сол кезде жігіт қыздың сұлулығына тәнті болып, қызығушылық танытты. Алайда сол кеште жігіттің танысуға батылы бармапты.

Іс-шарадан кейін ол Жаннаны әлеуметтік желі арқылы тауып алып, әңгімелесе бастады. Бір аптадан кейін жігіт бірінші кездесуге шақырды, бұл жұптың бірінші кездесуде ұстасқан қолдары мәңгілік болды. Той 2015 жылдың тамызында Орал қаласында жақындарының арасында өтті.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті

Ақтөбелік уахабшылар балағын ұзартып, сақалын қыра бастады

Шымкент әкімі "көке-жәке" деп таныс іздейтіндерден шаршағанын айтты

Пәкістанда қыз зорлағандар енді өлім жазасына кесіледі

Тыңдармандар Мейрамбек Беспаевтың қаталдығына қайран қалды

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1278213-qazaqstan-aruy-atanghan-sululardynh-uy.html