RU

Әйелдерін босандыруға қатысқан ерлер еркектік қасиетін жоғалтады

Соңғы жиырма жыл көлемінде әйелі босанғанда күйеуі қасында болып, моральдық тұрғыдан көмектессе толғақ жеңілдейді деген пікірлер тарағаны белгілі.

«Әйелі бала туған кезде еркек қасында болса толғақ жеңіл болады екен» деген теорияны Батыс зерттеушілері ұсынып келді. Бірақ перзентхана ер адамның денсаулығы үшін аса зиянды екен.

Бұл жөнінде де ғалымдар соңғы бес-алты жыл көлемінде зерттеулер жүргізген деп жазады Қамшы порталы.

Бирмингем университетінің Биомедициналық этика орталығының ғалымы Джонатан Ив арнайы жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша ер адамға перзентханада болу зиянды екендігі анықталған. Әйелі босанғанда жанында болып, оған азды-көпті қызмет көрсеткен еркек ең алдымен түрлі психологиялық жазылмас жарақаттар алады.

Оған қоса босану процесіне қатысқан ер азаматтың ағзасына орасан нұқсан келіп, ол алдағы өмірінде бала туғызу қабілетін кемітіп, тіпті жоғалтып алуы мүмкін екен.

Үшіншіден, әйелі босанғанда қасында болған еркектің одан кейін туғызған балалары «сапалы болмайтын» көрінеді. Бұны да еуропалық ғалымдар енді зерттеп тауып отыр. Бір сөзбен айтқанда, туу палатасында аз уақытқа да болған еркек еркектігін жоғалтады.

Джонатан Ивтің айтуынша, әйелдің жүкті кезінде оның медициналық тексерістеріне түгел қатысып, бүге-шігесіне араласу да еркекті әлсіретеді. Бұл әрине, әйелі жүкті кезінде оған мүлдем қарамау керек, көңіл аудармау қажет деген сөз емес. Ғалымның айтып отырғаны ер адам әйелінің «әйелдік жұмыстарына» араласпағаны дұрыс. Сонда ғана ол ереке болып қалады.

Джонатан Ив бала туу процесіне қатысқан еркектердің 10 пайызы созылмалы психологиялық депрессияға ұшырайтынын анықтапты. Арнайы зерттеу кезінде босану процесін көрген еркектердің дертке шалдыққаны да анықталған. Акушер-гинекологтардың айтуынша, ең мықты деген еркектердің өзі әйелінің босанғанын көремін деп, сол жерде талып қалған.

Сондай-ақ, күйеуі әйелінің қалай босанғанын көрген соң ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сыйластығы төмендеп, тіпті ажырасу жағдайлары орын алатынын зерттеушілер жазып жүр. Сондықтан әлемдегі ең сүйікті әйеліңіз көптен күткен мұрагеріңізді дүниеге әкеліп жатса да босану процесіне қатысар бұрын ойланыңыз.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті

Ақтөбелік уахабшылар балағын ұзартып, сақалын қыра бастады

Шымкент әкімі "көке-жәке" деп таныс іздейтіндерден шаршағанын айтты

Тыңдармандар Мейрамбек Беспаевтың қаталдығына қайран қалды

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)

"Қазақстан аруы" атанған сұлулардың үйлену тойы қалай өтті?

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1278270-ayelderin-bosandyrugha-qatysqar-erle.html