RU

Қарапайым асханада түстеніп отырған Семей әкімі сынның астында қалды (фото)

Қарапайым асханалардың бірінде Семей әкімі Ермак Салимовті байқап қалған тұрғындардың бірі оның фотосын желіге жария етті. Желі қолданушылары әкім пиар үшін асханаға бас сұқты деп санауда. Бұл туралы NUR.KZ порталы тұрғынның Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фотоны Зухра Әбдірахманова есімді қолданушы 8 қазан күні жария еткен.

"Абат"  асханасында түстеніп отырдық.  Мұндай жерде қала әкімін көргеніміз жағымды жайт болды", - дейді әйел.

Желі қолданушылары болса, әкімнің бұл әрекетін сәтсіз пиарға балаған. Дегенмен Салимовтің қарапайымдылығына шүбә келтірмей, мақтағандар да табылды.

Бір-бірімен дауласқан желі қолданушылары арасында әкімнің баспасөз хатшысы да жүр. Ол жұртты әкім ешқандай пиар жасауды көздемегеніне сендіруге тырысты.

Ал фото авторы болса, бұл жазбаны пиар үшін салды дегендерге өкпелі. Айтуынша, тек әкімнің әрекетіне тәнті болып, фотосын жария еткен.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті

Ақтөбелік уахабшылар балағын ұзартып, сақалын қыра бастады

Шымкент әкімі "көке-жәке" деп таныс іздейтіндерден шаршағанын айтты

Пәкістанда қыз зорлағандар енді өлім жазасына кесілетін болды

Тыңдармандар Мейрамбек Беспаевтың қаталдығына қайран қалды

Хоккей алаңында бір бірінің алқымынан алған қыздар жұртты шошытты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1278451-qarapayym-askhanada-tustenip-otyrghan.html