RU

Мәдина Сәдуақасова Алматыда естен кетпес шоу-концерт өткізбекші

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мәдина Сәдуақасова тұңғыш рет шығармашылық концертін өткізбекші.

Қазіргі таңда  әнші қызу дайындық үстінде деп хабарлайды NUR.KZ.

Сахнада жүргеніне 20 жыл толуына орай өткізілетін концертке Мәдина 100 мың долларға жуық қаражат жұмсауда. Бұл туралы Сәдуақасова отандық арналардың біріне берген сұхбатында айтты.

Сондай-ақ, әнші тұңғыш концертін өткізер алдында қобалжып жүргенін де жасырған жоқ.

"Концерт "Жұлдызым" деген атпен өтеді. Мені халыққа танытқан ең алғашқы әнімде "Жұлдызды түнде шаттанамын" деген жолдар бар еді. Жақында тағы бір "Жұлдызым" деген әнім жарық көрді. Сол себепті, концертімді осылай атағанды жөн көрдім", - дейді Мәдина Сәдуақасова.

Мәдина Сәдуақасованың концерті 20 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өтеді. "Жұлдызым" деп аталатын шоу-концерттің басталуы сағат - 19:30.

Билеттер Республика сарайының кассаларында және kassir.kz сайтында сатылып жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті

Ақтөбелік уахабшылар балағын ұзартып, сақалын қыра бастады

Шымкент әкімі "көке-жәке" деп таныс іздейтіндерден шаршағанын айтты

Тыңдармандар Мейрамбек Беспаевтың қаталдығына қайран қалды

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)

"Қазақстан аруы" атанған сұлулардың үйлену тойы қалай өтті?

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1278466-madina-saduaqasova-almatyda-esten-ke.html