RU

Оңтүстік Корея қазақстандықтарға дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрады

Оңтүстік Корея депортацияланған қазақстандық азаматтарға дөрекі қатынастары үшін кешірім сұрады. Бұл туралы парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оңтүстік Кореяға қатысты тоқталатын болсам, осы елмен бізде визасыз режим туралы келісімге қол қойылған болатын. Біздің азаматтар бұл елге жеке куәлік және жол жүру құжаттарын ұсынған кезде кіре алады. Сонымен бірге, сапар мақсаты жұмысқа орналасу емес, туризм ретінде ескеріледі. Сондықтан да визасыз режимді пайдалана отырып, елімізден Оңтүстік Кореяға адамдар көптеп барып, жұмысқа орналаса бастады. Бұл өз кезегінде аталған режимге қайшы және онда жұмысқа орналасу қамтылмаған. Корейлік тарап бастапқыда осындай жағдайға айтарлықтай байыпты қарағанымен, алайда бұл режимді бұзған қазақстандықтар саны арта түскен. Сонымен қатар олардың арасында кейбірі құқық бұзушылық әрекеттеріне барған көрінеді. Осы ретте корейлік жақ тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Олар азаматтармен бетпе-бет әңгімелесу жүргізген және біздің елдің адамдарының жауаптарына қанағаттанбағандықтан, қамауға алу немесе кері қайтару шешімдерін қабылдады», - деді Ыдырысов.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік қызметкерлері осы мәселемен егжей-тегжейлі таныс. Қазіргі кезде корейлік тараппен қатынастар айтарлықтай жеңілдеді. Оңтүстік Кореяға сапарлайтын Қазақстан азаматтарына аталған режимді бұзған жағдайда жүктелетін жауапкершілік жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде қазақстандықтармен дөрекі қатынастары үшін аталған ел кешірімін сұрайтындығын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтарды жаппай депортациялағаны үшін Оңтүстік Кореяға нота жолдаған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Рөліне ие бола алмаған ақмолалық жүргізуші кішкентай қызды қағып өлтірді

Клинтон Путинді АҚШ-тағы сайлауға килікпеуге шақырды

Пәкістанда Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген әйелді өлім жазасына кеспек

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін "қырындады" деп айыптаған Сыдықоваға жауап берді

Тамара Дүйсенова: Мұнай саласында еңбек ететін жұмысшыларды қысқарту күтіп тұр

Кореялық жігітпен тұрмыс құрған қазақ қызы тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1278704-onhtustik-koreya-qazaqstandyqtargha.html