RU

Күзетші бойжеткенді "тым семіз болғаны үшін" клубқа кіргізбей қойды

Лондон клубтарының біріндегі күзетші бойжеткенді тым семіз болғаны үшін клубқа кіргізбей қойған. Бұл туралы NUR.KZ порталы glunews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Британдық Бобби Джо Голдсмит (Bobbi Jo Goldsmith) 20 жасқа толған туған күнін Libertine клубында өткізе алмай, көңілсіз қайтты. Бойжеткен алдын ала орынға тапсырыс беріп қойғанына қарамастан, клуб күзетшісі оны кіргізбеуді жөн санаған.

"Мен есеңгіреп қалдым. Күзетші маған мұқият қарады да, тым семізсің деп кіргізбей қойды. Туған күнімнің шырқын бұзды. Бұл сөздер мені қатты ренжітті дей алмаймын. Алайда менің орнымда басқа бойжеткен болса, қатты көңіліне алар еді", - дейді Бобби.

Қыздың анасы дөрекі клуб күзетшісін жазалауды талап етіп отыр.

Тағы да оқыңыздар:

Рөліне ие бола алмаған ақмолалық жүргізуші кішкентай қызды қағып өлтірді

Клинтон Путинді АҚШ-тағы сайлауға килікпеуге шақырды

Пәкістанда Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген әйелді өлім жазасына кеспек

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін "қырындады" деп айыптаған Сыдықоваға жауап берді

Тамара Дүйсенова: Мұнай саласында еңбек ететін жұмысшыларды қысқарту күтіп тұр

Кореялық жігітпен тұрмыс құрған қазақ қызы тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1278801-kuzetshi-boyzhetkendi-tym-semiz-bolghan.html