RU

Кристоф Даум: Қазақстан Черногорияға кеткен есені қайтару үшін бар күшін салады

11 қазан күні 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу туры аясында Қазақстан өз алаңында Румыния құрамасымен кездеседі. Осы орайда қарсылас команданың бас бапкері Кристоф Даум алдағы ойын туралы өз пікірін білдірді деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз жасанды ойын алаңында және жабық стадионда ойнағалы отырмыз. Бұл біз үшін жаңа тәжірибе. Қазақстан құрамасын зерттедім. Алайда мықты не әлсіз ойыншыны атап өту қиын. Себебі, қазақстандық ойыншылардың барлығы мен үшін жақсы ойнайды. Қазақстан құрамасындағы футболшылар туралы ақпаратпен толық таныстым. Олардың барлығы команда үшін маңызды», - деді бас бапкер.

Сонымен қатар, футболдан Румыния құрамасының бас бапкері Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан алдағы ойынға шықпаса, ертеңгі ойынның қиын болатындығын атап өтті.

«Барлығы ертең белгілі болады. Біз үшін Қазақстан - мықты команда. Бар назарымыз ойында болуы керек. Қазақстан құрамасы техникалық және физикалық жағынан жақсы дайындалған. Иә, Қазақстан Черногориядан ойсырай ұтылды. Бұл оларға жігер беруі мүмкін», - деді ол.

Сонымен қатар, Кристоф Даум өз ойыншыларын сақ болуға шақырды.

«Арменияны ірі есеппен жеңгеніміз бізге басымдық бере алады деп айта алмаймын. Қазақстан құрамасы жеңілістің кермек дәмін татқан соң, Черногорияға кеткен есені қайтару үшін бар күшін салады. Егер біздің футболшылар ертеңгі ойын Армения құрамасымен өткен матч сияқты болады деп ойласа, қателеседі. Қазақстан – мықты команда. Біз жеңіс оңай келеді деп есептемеуіміз керек. Өзімізді қолға алып, жақсы қырынан көрінуіміз қажет», - деп түйіндеді сөзін бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қазанда 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Подгорице қаласында Черногория командасымен ойнаған Қазақстан құрамасы 0:5 есебімен ойсырай жеңіліп, өз жанкүйерлерін есеңгіретіп тастаған болатын. Сондықтан Қазақстан құрамасы өз алаңында ұпайға қол жеткізуге тырысады.

Тағы да оқыңыздар:

Рөліне ие бола алмаған ақмолалық жүргізуші кішкентай қызды қағып өлтірді

Клинтон Путинді АҚШ-тағы сайлауға килікпеуге шақырды

Пәкістанда Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген әйелді өлім жазасына кеспек

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін "қырындады" деп айыптаған Сыдықоваға жауап берді

Тамара Дүйсенова: Мұнай саласында еңбек ететін жұмысшыларды қысқарту күтіп тұр

Кореялық жігітпен тұрмыс құрған қазақ қызы тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1278820-kristof-daum-qazaqstan-chernogoriyagha.html