RU

Соңғы бір айда еліміздегі азық-түлік бағасы шарықтап кеткен

Елімізде соңғы бір айда азық-түлік бағасы шарықтап барады. Ақтөбе облысында ет, сүт, балық өнімдерінің құны бірнеше пайызға көтерілген деп хабарлайды 31 арна.

Мұндай жағдай Алматы облысы мен Маңғыстау өңірінде де жиі тіркелетін болған. Енді тапқан-таянғаны тамағына жетпейтін жандар қазір шарасыз күйде. Елдің бірнеше өңіріндегі тілшілер бүгін бір-бірімен байланысқа шығып, базардағы жағдайды бір мезетте бақылап көрді.

Соңғы бір айда Ақтөбеде халық көп тұтынатын ет, сүт, балық және кондитерлік өнімдерінің бағалары айтарлықтай өсті. Статисткаға сүйенсек, Ақтөбеде тек қазан айында бидай ұнының бірінші сорты, сары май және кондитерлік өнімдер үш пайызға қымбаттаған. Бұл тек бір айдың ғана көрсеткіші. Ал жыл басынан бері аталмыш азық-түлік түрлері бірден 40 пайызға дейін өскен. Мамандар бағаның бұл құбылысына өнімдердің көрші елдер мен басқа облыстардан тасымалдануынан деп отыр. Ал сатушылар болса шетелдік емес, өзіміздің отандық өнімдердің бағасы ай сайын неге қымбаттайтынын түсінбейміз дейді.

"Жоғарғы жақтан айтып жатыр Қазақстанда өндіріледі, арзандату керек дейді, қарап тұрсаң Ресейден келіп жатқан тауардан ешқандай кемшілігі жоқ. Жоқ дегенде қазір міне 780 теңгеден сатқан кәмпиттерді қазір 1266 теңгеден сатамыз", - дейді сауда өкілі Берік Сарин.

Талдықорған қаласында да азық-түлік бағасы күн санап қымбаттап жатыр . Мəселен, бұған дейін 1000 теңгеге біраз зат алатынсың. Қазір ол ақша қант пен май, шəй мен нанға да жетпейтін болды.

"Қант 270-тен келеді, май 400-ге келеді, нан 70-тен. Қантты 300-ден, нанды 75-тен майды 480-нен сатып жатырмыз", - дейді сатушы.

Петропавлда осыдан 5-6 күн бұрын ғана 180 теңгеден сатылып тұрған сүт қымбаттады. Бір күнде 20 теңгеге дейін баға өсірсе, кейбір сауда орындарында ол 210 теңгеден сатылып жатыр.

Ал майлылығы алты пайыз болатын сүт өнімдері тіпті, 240-250 теңгеден сатылып жатыр. Сатушылар сүт бағасының шарықтауы зауыттан әкелінетін сүттің құны дәл сонша бағаға шарықтаған дейді. Ал тұрғындар сүт өнімдерінің дені солтүстікте жасап шығарылады. Сондықтан қымбаттауына еш негіз жоқ еді деп наразы.

Маңғыстау өңіріне мал тасымалы азайды. Төрт түліктің еті де тапшы. Алып сатарлар бағаны көтеріп, Ақтауда ет қымбаттаған. Бұған дейін сиыр етінің бір келісі базарда 1400-1450 теңге болса, қазір 1600 теңгеге көтерілген. Жылқы еті де 100 теңгеге қымбат. Қой етінің келісі 1300 теңге болса, қазір 1400 теңгеден. Ет дүкендері мен супермаркеттер де бағаны өсірген. Егер өңірге мал өнімінің келуі азаяр болса, баға одан әріөседі дейді мамандар.

Тағы оқыңыздар:

Күзетші бойжеткенді "тым семіз болғаны үшін" клубқа кіргізбей қойды

Қызыл киім киіп баруға болмайтын ауыл жұртты таң қалдырды (фото)

Оңтүстік Корея қазақстандықтарға дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Мұхамедиұлына қарсы айыптауларды тексеруде 

Ұзақ өмір сүрудің бес құпиясы қандай?

Кристоф Даум: Қазақстан Черногорияға кеткен есені қайтару үшін бар күшін салады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279022-elimizde-azyq-tulik-baghasy-sharyqtap-b.html