RU

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан табылған жұлдызқұрт жұртты шошытты

Жуырда қаладағы танымал мейрамханалар мен дәмханалар жүйесінде берілген тағам салынған тәрелкеден қонақтар жәндіктің личинкасын тапты. Қара жұлдызқұртты онда келушілер салатты жеп біткен кезде анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл суретті интернет арқылы таратқан қыз оқиғаның Өскемендегі танымал мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру жүйесінде болғандығын айтады. Мекеменің әкімшісі қонақтардан кешірім сұрап, айыптары үшін виски ұсынды. Ал, қонақтар болса санитарлық тексеру жүргізетіндігін айтып кетіп қалған.

Компания басшылығының айуынша, жұлдызқұрттың тағамнан табылу себебі - бұл салатты дайындау үшін экологиялық таза өнім қажет.

«Жұлдызқұрттың салаттан табылуы мұнда санитарлық нормалардың жоқтығын білдірмейді. Бұл керісінше, біздің салаттарды тек экологиялық жағынан таза өнімдерден ғана дайындайтындығымыздың белгісі», - деді желі әкімшісі өзінің ресми хабарламасында.

Мекеме басшылары сонымен қатар, салаттардың қонақтарға берілерден бұрын арнайы технологиялық тексеруден және визуалды бақылаудан өтетіндігін айтты. Бұл жолы аспаз да, даяшы да тәрелкедегі жәндікті көрмеген. Фирма басшылары өздерінің ғимараттарының ұдайы санитарлық тексеруден өтетіндігін, осы уақытқа дейін ешқандай кемшіліктер анықталмағандығын алға тартты.

Тағы оқыңыздар:

82 жасқа келген Жапония императоры өз еркімен тағынан түспек

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279039-oskemendegi-meyramkhananynh-taghamynan.html