RU

ОҚО-да көпбалалы отбасы далада қаңғып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында көпбалалы екі отбасы далада қаңғып қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Үйлері өртенген Асықата ауылының тұрғындары баспанасыз қалғанын шенеуніктерден көріп отыр. Себебі, күлге айналған барақтың айналасына дүкен секілді нысандар бей-берекет салыныпты. Соның кесірінен өрт сөндірушілер отқа оранған ғимаратқа жақындай алмаған.

Тұрмыстық заттары түгілі құжаттарына дейін күлге айналған олар өздерінің тірі қалғанына қуанып отыр. Алайда үй маңына айнала заңсыз сауда дүңгіршектері түсе бастағаннан бері билікке сан мәрте шағымданыпты.

Неше жылдан бері тіпті жедел жәрдем көлігі де кіре алмағанын айтқанымен құлақ асар жан таппаған. Кезінде әрекет етпеген шенеуніктер енді тілсіз жаудан келген шығын көлемін есептеп жатыр. Ал шиеттей балалармен қалған жұрт күн суығанда мүлдем тентіреп кетеміз бе деп қорқады.

"Қазір көкемнің үйін паналап жүрмін. Ол жақта бір күн, екі күн тұрасың. Онда да шиеттей бала-шаға. Оның 7 баласы бар. Менің 6 балам бар. Онда да осындай үй. Қайда сыямыз?", - дейді Асықата ауылының тұрғыны Базарбай Дүйсебайұлы.

Тағы оқыңыздар:

Күзетші бойжеткенді "тым семіз болғаны үшін" клубқа кіргізбей қойды

Қызыл киім киіп баруға болмайтын ауыл жұртты таң қалдырды (фото)

Оңтүстік Корея қазақстандықтарға дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Мұхамедиұлына қарсы айыптауларды тексеруде 

Ұзақ өмір сүрудің бес құпиясы қандай?

Кристоф Даум: Қазақстан Черногорияға кеткен есені қайтару үшін бар күшін салады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279084-oqo-da-kopbalaly-otbasy-dalada-qanhghyp.html