RU

ОҚО-да ұстазынан таяқ жеген оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы Манкент қаласында оқушы ұстазының соққысынан кейін жабық бас-ми жарақатын алған. Бұл туралы TVK арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Оқушының жанжалдан кейін жарты жыл ішінде көру қабілеті нашарлап кетті. Рашидов атындағы мектепте өзбек тілі сабағында 21 сәуір күні болған жайт баланың денсаулығына нұқсан келтірген. Кінәлілер жазасыз жүргеніне ашуланған әкесі "Нұр Отанға" бас сұқты.

Бесінші сынып оқушысының әкесі Шерали Зундиновтің айтуынша, мұғалім грамматиканы түсінбей жатқан ұлының басын партаға соққан. Салдарынан ұл бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан көрінеді.

"21 сәуір күні үйге оралғанымда ұлым Абидин бірнеше рет есінен танғанын білдім. Балам бас-ми жарақатымен емханаға түсті. Белгісіз себептермен оны үш күн өткесін гайморит диагнозымен басқа бөлімге ауыстырып жіберген", — дейді Шерали Зундинов.

Шералидің сөзіне сенсек, тергеуші Талат Дәулетбақов шара қолдануға асығар емес. Соққыдан кейін оқушы талай рет есінен танатын болған, тіпті көру қабілеті күрт нашарлап кеткен балаға енді қымбат ота жасату керек.

"Өзбек тілі сабағында диктант жүріп жатты. Мен үлгермедім. Мұғалім қасыма келіп, екі рет басымды партаға ұрды. Менің жағдайым сол сәтте нашарлап кетті. Содан кейін сыныптасыммен бірге үйіме жібере салды. Жолда мен бірнеше рет есімнен тандым", - дейді Абидин.

"Нұр Отан" партиясының өкілі бұл жайтқа қатысты шара қолдануға уәде берді.

Тағы оқыңыздар:

Күзетші бойжеткенді "тым семіз болғаны үшін" клубқа кіргізбей қойды

Қызыл киім киіп баруға болмайтын ауыл жұртты таң қалдырды (фото)

Оңтүстік Корея қазақстандықтарға дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Мұхамедиұлына қарсы айыптауларды тексеруде 

Ұзақ өмір сүрудің бес құпиясы қандай?

Кристоф Даум: Қазақстан Черногорияға кеткен есені қайтару үшін бар күшін салады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279115-oqo-da-ustazynan-tayaq-zhegen-oqushy-zhans.html