RU

Павлодар облысында ер адам екі жасар баласының үстіне ыстық су құйып жіберді

Павлодар облысы Шарбақты ауылында әкесі екі жастағы ұлын қайнаған сумен күйдіріп алған деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей оқиға 8 қазан күні болды.

"Кешкі уақытта екі жастағы бала әкесімен моншаға барып, әкесі баланың үстінен байқамай ыстық су құйып жіберген. Нәтижесінде, ұл бала термиялық күйік алған. Денесі 12 пайыз күйік шалған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінгі күні дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деп бағалауда. Бүлдіршін травматология бөлімінде жатыр", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Тағы оқыңыздар:

Күзетші бойжеткенді "тым семіз болғаны үшін" клубқа кіргізбей қойды

Қызыл киім киіп баруға болмайтын ауыл жұртты таң қалдырды (фото)

Оңтүстік Корея қазақстандықтарға дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Мұхамедиұлына қарсы айыптауларды тексеруде 

Ұзақ өмір сүрудің бес құпиясы қандай?

Кристоф Даум: Қазақстан Черногорияға кеткен есені қайтару үшін бар күшін салады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279156-pavlodar-oblysynda-er-adam-eki-zhasar-b.html