RU

Мұсылман мемлекетінде заңдастырылған трансгендерлер туралы не білеміз?

Күндіз олар базарда жеміс-жидек, ұялы телефон саудасымен айналысады немесе қонақ үй қызметшісі ретінде жұмыс істейді. Қызықтың көкесі кешке басталады. Олар қарапайым жұмыс киімдерін қызыл сариге ауыстырып, басына парик киіп, ерініне қызыл далап жаққанда мүлде танымай қаласыз. Олар кімдер?

Әңгіме трансгендерлер жайында болып отыр. Пәкістанда оларды кхусрлар деп атайды. Олар еркек болып туған, алайда қоғамда әйел рөлін алып жүргендер. Дәл осындай қатаң мұсылман мемлекетінде үшінші жыныс ресми түрде заңдастырылғанына таң қалмасқа шара жоқ. Бұл туралы moya-planeta.ru сайты жазады.

Кхусрлар туралы жергілікті кинода, әдебиетте және басқа да ұлттық өнер түрлерінде айтылады. Оларды үйлену тойларына, түрлі салатанатты жиындарға ұлттық ән-би өнері үшін шақырады.

Пәкістанның шариғат заңын ұстанған халқының ортасында өмір сүру бұл адамдарға қиын. Көптеген кхусрлар жанұяларынан қол үзіп кеткен. Олар үшін үлкен қалаларда, ешкім танымайтын ортада өмір сүрген әлдеқайда қолайлы.

2011 жылғы Жоғарғы соттың шешімімен үшінші жыныс деп танылған трансгендерлерді жұмысқа қабылдауда, білім алуда құқықтары біршама реттеліп қалған. Алайда күнделікті өмірі еш өзгермеген. Қоғамға олар тек көңіл көтеру үшін ғана қажет.

«Кхусрлардың барлығы дерлік транссексуал емес, олардың ішінде трансвеститтер мен гомосексуалдар, интерсексуалдар мен травестилер де бар», - дейді телеарна.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ қыздары пәтері мен көлігі бар жігіттерді іздеп жүр (фото)

Шымкенттік қария бәйбіше мен тоқалды тату тұрғызудың жолдарын айтып берді (фото)

Өз қақпасына 17 гол жіберіп алған Қазақстан футболшылары ұятқа қалды

Соңғы бір айда еліміздегі азық-түлік бағасы шарықтап кеткен

Өскеменде діни экстремистік ұйымның мүшелері сотталып кетті

Қатерлі дертке шалдыққан ресейлік тележүргізуші аурухунаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279166-musylman-memleketinde-zanhdastyrylgha.html