RU

Шымкенттің парақор шенеуніктері кімдер? (фото)

Ел арасында Шымкентте «бәрін сатып алуға болады» деген сөз жиі айтылады. Бұл әңгіме сыбайлас жемқорлыққа қатысты туған пікір ме? Пара беру мен пара алу тек Шымкентте ғана орын алмайтыны дүйім жұртқа белгілі. Бірақ оңтүстіктегі әрекет ел ішінде жиі әрі қызу талқыланып жатады.

Осы ретте NUR.KZ порталы жыл басынан бері ОҚО-дағы лауазым иелерінің елді шулатқан пара алу әрекеттерін назарларыңызға ұсынады.

Бейбіт Сыздықов

Мүгедектің ақшасын жеп қойған...

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментін басқарып келген Бейбіт Сыздықовты құзырлы мекеме мүгедек жаннан 100 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстады. Шенеунік мүмкіндігі шектеулі жанға мүгедектік мерзімін ұзартып беремін деп уәде етіпті. Бұл жемқорлық әрекеті ағымдағы жылдың сәуірінде орын алған. Іске қатысты алғашқы сот отырысы шілде айында өтті.

Айта кетейік, Сыздықов бұған дейін Түркістан қаласы мен Отырар ауданын басқарған.

Айдар Ниязов

Директор әрі депутат...

Шымкенттегі Ә.Қастеев атындағы облыстық өнер және дизайн колледжінің директоры, әрі қалалық мәслихаттың депутаты Айдар Ниязов 2016 жылдың шілдесінде 200 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Халық қалаулысы бұл оңай олжаны аталған оқу орнындағы оқытушыдан педагогикалық сағатты көбейтіп және колледжге бір талапкерді оқуға түсіріп беремін алған.

Жақында ғана Ниязовтың ісіне қатысты сот шешімі шығып, кінәсі дәлелденді. Оған 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол аз дегендей директор өмірінің соңына дейін білім саласында (мемлекеттік) еңбек етуден шеттетілді. Бірақ, бас бостандығынан айырылған жоқ.

Бақтыбай Жұрымбетов

Жұмысқа қарық қыламын деген шенеунік...

Шілденің екінші он күндігінде Мақтарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақтыбай Жұрымбетов жеке тұлғаны жұмысқа орналастырып беремін деп қомақты қаржы алған. Шенеунік ол қызметін 100 мың теңгеге бағалаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының жергілікті департамендегілер бөлім басшысы кінәсін толық мойындағанын мәлім етті және оның жазасы жеңілдетіледі деп жоспарланды. Алайда одан кейін бұл іске қатысты еш жерде айтылмады.

Е.Көкебаев

1 млн теңге алды деген күдікті...

Қыркүйектің екінші жартысында Оңтүстік Қазақстанда Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Көкебаев құрықталды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары бас маманның 1 млн теңге пара алғанын жайып салды.

Көкебаев мырзаға бұл ақшаны жеке тұлғадан салық төлеушінің нақты шығыны мен табысы жайлы құжатты дайындап беру үшін алды деген күдік тағылды. Бас маман уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Бауыржан Кенжеқұлов

Небары 29 жаста...

Жуырда ғана, яғни, 27 қыркүйек күні еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіндегілер Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бауыржан Кенжеқұловтың 280 мың теңге көлемінде пара алу барысында ұсталғанын мәлімдеді.

29 жастағы шенеунікке бұл соманы делдал арқылы тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актіні тіркеу үшін алған деген айып тағылды. Ерекше айта кетерлігі, орда бұзар жасқа жетпеген бөлім басшысына Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың «Shymkent City» атты талайдың таңданысын тудырған үлкен жобасы сеніп тапсырылған. Істің тергелуіне байланысты мемқызметкерге қатысты сот үкімі әлі шыққан жоқ.

7 әкім жемқорлықпен күресушілерге пара бермекші болған...

Қыркүйектің алғашқы аптасында оңтүстікқазақстандық жемқорлық әрекетімен бір топ шенеуніктің бастары дауға қалды.

Оңтүстік Қазақстан облысында жемқорлықпен күресушілер бір ғана Мақтарал ауданы бойынша «Балапан» және «2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын бюджет қаражатын жымқыру ісін анықтады. Сөйтіп 7 ауылдық округтің әкіміне жекеменшік мекемелермен сыбайластық мәміле жасап, мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылды.

Әкімдер мектепке дейінгі жекеменшік мекеме басшыларымен сыбайласа отырып, бала санын көбейтіп, олардың шығынына кететін мемлекеттік қаржыға қалталарына басып отырған. Ең сорақысы сол, әкімдер аталған қылмыстық әрекеттерді жүргізіп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне істі оңынан шешіп беру үшін пара ұсынған. Жауапкершіліктен оңай жалтарғысы келген 7 әкім құзырлы қызметкерлердің ол жұмысын 4 млн 90 мың теңгеге бағалаған. Бүгінде аталған шенеуніктер ұсталып, уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүруде.

Жемқорлықпен күресушілерге пара ұсынған әкімдер мен пара сомасы:

«Жаңажол» ауылдық округінің әкімі У. Сатыбалдиев бухгалтерімен бірге - 500 000 теңге;

«Атакент» ауылдық округінің әкімі К. Әлиев - 900 000 теңге;

«Еңбекші» ауылдық округінің әкімі Д.Ибрагимов - 450 000 теңге;

«Жамбыл» ауылдық округінің әкімі Т. Қалдыбаев - 490 000 теңге;

«Үржар» ауылдық округінің әкімі И. Тұршаев - 630 000 теңге;

Мырзакент» ауылдық округінің әкімі Д. Ерімбетов - 660 000 теңге;

«Қалыбекова» ауылдық округінің әкімі З.Бектұрсынов - 460 000 теңге.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ қыздары пәтері мен көлігі бар жігіттерді іздеп жүр (фото)

Ринат Зайытов ақиқат үшін емес, көлік үшін айтысатын әріптестерін сынап тастады

Қарақат өзінің қуыршақтарын сатып алмайтын халықты сөгіп тастады (фото)

Назарбаев Өзбекстанның уақытша президентіне телефон соқты

Мұсылман мемлекетінде заңдастырылған трансгендерлер туралы не білеміз?

Өз қақпасына 17 гол жіберіп алған Қазақстан футболшылары ұятқа қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279170-shymkenttinh-paraqor-sheneunikteri-kim.html