RU

Танымал тележүргізуші: Күйеуіңнің бір-екі шапалағына көнуге болады

Танымал тележүргізуші Сәуле Әбединова Ikerim.kz сайтына сұхбат беріп, күйеуінің соққысына көніп жүрген қазақ әйелдерін көнбіс екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Ақжүніс" авторлық бағдарламасы арқылы көптеген әйелдердің өмірін экранға шығарған журналист күйеуінің ұрғанына көндігіп кеткен қазақ әйелдерінің тағдырына алаңдады. Сәуле ондай әйелдерді "бейшаралар" деп атады.

"Бір-екі шапалаққа көнуге болады. Кейде сол шапалақты өздері тілеп алатын әйелдер бар. Ал енді өмір бойы күйеуінің таяғы мен тепкісінің астында өмір сүріп жүре беретін әйелдер – бейшаралар. Жалпы, қазақ әйелінің болмысы о бастан көнбіс, жуас, момын болған ғой. Бірақ, «әйелім - көнбіс, бейшара» деп ата-бабаларымыз апаларымызды тепкілей бермеген шығар?", - деді ол.

"Еркектің еркектік мінезіне байланысты деп ойлаймын. Кейбір ездер үшін әйелдерін сабау – мақтаныш. Ал нағыз еркектер әйелге қол көтеруді намыс санайды. Қазіргі заманның әйелдері ондайға көнбейді де. Алдыңғы буын апаларымыз, тіпті, біздің буын күйеулерінің таяғына көнер, бір ұрпақ алмасқан соң, бұл да қалады деп ойлаймын. Өйткені уақыт басқа, заман басқа, «заманына қарай — адамы» демекші, ұрпақ басқа… Келер заманның әйелдері күйеулерінің тепкісі түгіл, шапалағына көнбейтін болады", - деді ол.

Бұдан басқа ол күйеулері басқа әйелге кетіп қалған әйелдерге қатысты да сөз қозғады. Ол өзінің тәжірибесінен мысалдар келтіріп, ажырасып кеткен күйеуінен ешнәрсе сұрамағанын жеткізді.

"Адам өзі сезініп, өзі түсінбесе, онда «сұрап» алған махаббат, «жалынып» алған мейірім, «тартып» алған ақша – балаға құт болмайды. Мен де екі баламды жалғыз өсірдім. Мен де сіз айтып отырған «салықты» — алиментті күйеуімнен талап еткен жоқпын. Ол үшін «есіріп» кетсе – өз санасыздығы. Обалы не керек, мүмкіндігіне қарай балаларына қолдау көрсетуге тырысты деп ойлаймын. Менің одан алимент талап етуіме болар еді – намыстандым, «одан бір тиын да сұрамаймын» деген қағиданы ұстандым. Менің көзім жеткен нәрсе, ажырасып кетсе де, бала-шағасына мейірім бере алатын еркектің жолы ашыла түседі екен, ал бала-шағасынан мейірімін аяған әкенің ісі де берекесіз болады", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, таяуда ғана әнші Сәуле Әбединова қызын ұзатып, құдағи атанған еді.

Тағы оқыңыздар:

Күзетші бойжеткенді "тым семіз болғаны үшін" клубқа кіргізбей қойды

Қызыл киім киіп баруға болмайтын ауыл жұртты таң қалдырды (фото)

Оңтүстік Корея қазақстандықтарға дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Мұхамедиұлына қарсы айыптауларды тексеруде 

Ұзақ өмір сүрудің бес құпиясы қандай?

Кристоф Даум: Қазақстан Черногорияға кеткен есені қайтару үшін бар күшін салады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279271-saule-abedinova-tepkininh-astynda-omi.html