RU

Көлігін өлген тырнаның басымен сәндеген Павлодар тұрғыны жаға ұстатты (фото)

Павлодар облысында "Қызыл кітапқа" енген тырнаның басымен көлігін сәндеген азамат жұртты шулатты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құсты азаптағаны түсірілген суреттер Instagram әлеуметтік желісіндегі vpavlodare тобында жарияланған. Суреттерде мүгедектер арбасында отырған ер адам бір қолымен тырнаның мойнынан қысып, екінші қолымен қанатынан ұстап тұрады, содан соң қанаттарымен арқасына іледі. Ал, үшінші суретте – өлген құстың басымен "безендірілген" көліктің капоты.

Суретте автокөліктің нөмірі анық көрініп тұр. Бұл суреттер әлеуметтік желіде үлкен дау туғызды. Жұрт ол адамды "қатыгез", "қиянатшыл" деп айыптап, істеген ісі үшін жауапқа тартылуын сұрады. Құспен түскен суреттерімен Павлодар облысының жұртын шулатып жүрген Ақсу қаласы тұрғынының есімі - Павел Бернгард. Ол суреттегі шын құс емес әрі жолдасы екеуі балыққа барғанда кездескен аңшыларға тиесілі дейді.

Павел тірі құсқа ондай қиянат жасамайтынын айтып ақталып отыр. Ол үйіне екі полиция қызметкері келіп, пәтерін тінтігенін айтып берді. Мылтық пен өлтірілген құстың қауырсынын іздеген олар ештеңе таба алмаған екен. Павлодар облысының орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік ұйымының қызметкерлері осы іске қатысты жеке тергеуін жүргізген болатын.

Олардың айтуынша, суреттер Ертіс алқабында түсіріліпті. Ал, ол жерде аңшылық жасауға мүлдем тыйым салынған.

"Біз оны таптық, бұл Ақсу қаласының тұрғыны, 1981 жылы туылған, бұрын алаяқтығы үшін сотталаған. Өзі мүгедек адам. Біз деректерді полицияға жібердік. Оған дейін үйіне барып түсініктеме алайық дегенбіз, бірақ есігі жабық болды, ешкім ашпады. Полицияға барғаннан кейін, тағы да соқтық. Түс кезінде үйде біреу болатын шығар деп ойлағанбыз. Бірақ тағы да ешкім ашпады. Полиция арызымызды қабылдап, Қылмыстық кодекстің 316-шы бабы бойынша (Бұзақылық ниетте жануарларды қинау және оларды өлтіру немесе зақым келтіру) оны жауапқа тартпақ", — деді Павлодар облысының орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік ұйымының жетекшісі Аждар Жүсіпов.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ қыздары пәтері мен көлігі бар жігіттерді іздеп жүр (фото)

Сәуле Әбединова: Тепкінің астында өмір сүретін әйелдер - бейшаралар

Ақтөбеде мектеп мұғалімін балағаттаған директор оңбай опық жеді

Ринат Зайытов ақиқат үшін емес, көлік үшін айтысатын әріптестерін сынап тастады

Шымкенттің парақор шенеуніктері кімдер? (фото)

Қазақстандық әйелдің киімі голливуд жұлдызы Деми Мурды тәнті етті

Путин Су-24 атып түсірілгелі бері алғаш рет Түркияға барды

ОҚО-да көпбалалы отбасы далада қаңғып қалды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279527-koligin-olgen-tyrnanynh-basymen-sande.html