RU

Ресейлік азаматтан пара сұраған атыраулық жол сақшылары масқара болды

 

Атырау қаласының №2 соты облыстық көліктік бақылау инспекциясының екі қызметкерін «Айтарлықтай мөлшерде пара алғаны» үшін жазаға тартты деп хабарлайды azh.kz.

Сот осы жылдың 9 тамызында «Атырау-Астрахань» трассасындағы «Қазмұнайгаз» жанармай құю бекетінің тұсында көліктік бақылау инспекциясының бас маманы ресейлік мемлекеттік номері бар International 9400 маркілі жүк көлігін тоқтатқанын анықтады. Көлікті арнайы таразыдан өткізу кезінде тасымалдаушы жүктің салмағы нормадан асып кетеді.

Сол жерде инспектор жүргізушіге «келісімге» келудің оңай жолын ұсынып, ұялы телефонынан 5000 санын көрсетеді. Әңгіме Ресей рублі туралы болатын. Жүргізуші банкоматтық карточкасында небары 1000 рубль екенін түсіндіреді, сол кезде инспектор одан көлік құжаттарын алып қалып, ақша тауып келуін талап етіп, бір күннен кейін пара сомасы 10 мың рубльге өсетінін айтады.

Келесі күні ресейлік азамат қажетті соманы тапқанын хабарлайды. Алдын ала сақтанған парақор ақшаны алып келуге инспекцияның жүргізушісін жұмсайды. 75 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, жолда 25 мың теңгесін өз қалтасына басқан жүргізуші инспекторға 50 мың теңгені апарып береді. Ресейлік азаматтың полицияға хабар бергенін олар екеуі де білмейтін.

"Екеуінің де кінәсі сотта толық дәлелденді. Оларды мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан біржолата айыра отырып, әрқайсысына 3 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды", - дейді Атырау қаласының бөлім прокуроры.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ қыздары пәтері мен көлігі бар жігіттерді іздеп жүр (фото)

Сәуле Әбединова: Тепкінің астында өмір сүретін әйелдер - бейшаралар

Ақтөбеде мектеп мұғалімін балағаттаған директор оңбай опық жеді

Ринат Зайытов ақиқат үшін емес, көлік үшін айтысатын әріптестерін сынап тастады

Шымкенттің парақор шенеуніктері кімдер? (фото)

Қазақстандық әйелдің киімі голливуд жұлдызы Деми Мурды тәнті етті

Путин Су-24 атып түсірілгелі бері алғаш рет Түркияға барды

ОҚО-да көпбалалы отбасы далада қаңғып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279580-reseylik-azamattan-para-suraghan-atyr.html