RU

Қадыровтың оныншы баласы дүниеге келді

Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың отбасында тағы бір атұстар дүниеге келді. Саясаткердің өзінен туған он баласынан бөлек, бауырына басқан тағы екі баласы бар деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Жаңа туған нәрестеге Абдулла деп ат қойыпты.

Бұл туралы ел парламентінің төрағасы Магомед Даудов Instagram желісінде: «Менің бауырымның үйінде үлкен қуаныш. Қадыровтар әулетінің тағы бір мұрагері - Абдулла есімді ұлы дүниеге келді», - деп хабарлаған.

4-қазанда Grand Prix Akhmat 2016 туринирінің аясында өткен жекпе-жектен кейін Рамзан Қадыровтың ұлдарына қатысты дау туындаған еді. Бұл жекпе-жекке Қадыровтың он, тоғыз және сегіз жастағы үш ұлы қатысып, үшеуі де жеңімпаз атанған.

Көптеген желі қолданушылары мен кәсіби спортшылар турнир ережесінің балалар үшін тым ауыр екенін айтып, ұйымдастырушыларды айыптаған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ қыздары пәтері мен көлігі бар жігіттерді іздеп жүр (фото)

Сәуле Әбединова: Тепкінің астында өмір сүретін әйелдер - бейшаралар

Ақтөбеде мектеп мұғалімін балағаттаған директор оңбай опық жеді

Ринат Зайытов ақиқат үшін емес, көлік үшін айтысатын әріптестерін сынап тастады

Шымкенттің парақор шенеуніктері кімдер? (фото)

Қазақстандық әйелдің киімі голливуд жұлдызы Деми Мурды тәнті етті

Путин Су-24 атып түсірілгелі бері алғаш рет Түркияға барды

ОҚО-да көпбалалы отбасы далада қаңғып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279863-qadyrovtynh-onynshy-balasy-duniege-kel.html