RU

Мешітке барып, құран оқитынын айтқан трансгендер Айнұр Тұрсынбаеваны шошытты (видео)

"Хабар" телеарнасының "Біздің үй" бағдарламасының кезекті санына жынысын ауыстырған трансгендер жігіт шақырылып, ол өзінің мешітке барып, құран оқитынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Сен қызсың ба, ұлсың ба деген сұраққа не деп жауап бересіз?", - деген сұраққа "қыз" деп жауап беретінін жеткізген "жігіт" жуық арада даусына операция жасататын айтты. Себебі, оның даусы ер адам екенін жұртшылыққа білдіріп қояды екен.

Ескерту: Видеоның астындағы жазбаларға редакция жауап бермейді

Жыныс ауыстырған жігіт жүргізушіге мешітке баратынын айтып, оны таң қалдырып қойды.

Бағдарлама жүргізушісі Айнұр Тұрсынбаева оның мешітке баратынына сенбей қойды.

"Мешіттегілер сенің мынадай екеніңді білсе, маңайына да жолатпас еді, өтірік", - деді Айнұр Тұрсынбаева.

Трасгендердің айтуынша, мешітте оның жынысын ауыстырғанын білетіндер де бар екен, бірақ ол қай мешітке баратынын жасырып, айтпай қойды.

Видео авторы: Аслан Омаров

Тағы оқыңыздар:

Ақорда: Нұрсұлтан Назарбаев сырқаттанып қалды

Танымал тележүргізуші күйеуінің таяғына көндігіп кеткен қазақ әйелдеріне ашуланды

Шымкентте абақты қызметкері үш жасар қызды 60-тағы педофилден құтқарып қалды

Ақорданың Назарбаевтың сырқатына қатысты ақпарат тарату себебі неде?

Алматыда теракт жасауды жоспарлаған үш радикал ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279944-meshitke-baryp-quran-oqitynyn-aytqan-t.html