RU

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Жамбыл облысында өрт салдарынан 82 жастағы қария қаза тапты деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға Жамбыл ауданы Жалпақ төбе ауылында сағат 07:00 шамасында болған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша өрт қарт әжей тұрып жатқан үйдің жатын бөлмесінен шыққан. Жиһаздар мен өзге де мүліктер жанып кеткен.

Қазір өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Ақорда: Нұрсұлтан Назарбаев сырқаттанып қалды

Танымал тележүргізуші күйеуінің таяғына көндігіп кеткен қазақ әйелдеріне ашуланды

Шымкентте абақты қызметкері үш жасар қызды 60-тағы педофилден құтқарып қалды

Ақорданың Назарбаевтың сырқатына қатысты ақпарат тарату себебі неде?

Алматыда теракт жасауды жоспарлаған үш радикал ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279948-zhambyl-oblysynda-82-zhastaghy-qariya-tirid.html