RU

Черногориялық футболшы матч алдында Қазақстанның әнұранын айтып тұрған

«Астананың» бұрынғы ойыншысы черногориялық Дамир Кояшевич өз құрамасының Қазақстанға (5:0) қарсы матчы жайлы өз пікірімен бөлісті деп хабарлайды Prosportkz.kz.

«Ауызбен айтып жеткізе алмайтын сезім. Мұндайды (ірі есеп) ешкім күткен жоқ. Жолымыз болды. Сондай бақыттымын. Алғашқы минуттар қиынға соқты. Соған қарамастан, біз есепті аштық, кейін бәрі оңай болды», - дейді Кояшевич.

Дамир бұрынғы клубтастарымен де сөйлескенін жасырмады.

«Олармен қашан да байланысып тұрамын. Өкінетінімді, бірақ осылай жасау қажет болғанын айттым (күліп). Қазақстан құрамасының жанкүйерлеріне айтарым, олар мені таниды, олар мені жақсы көреді, мен «Астанада» үш жыл ойнадым. Ол кезде де нәтижелі пастар бергенмін. Бірақ клубтан кетуім керек болды және қазір бәрі жақсы. Қазақстан үшін уайымдап жүремін. Басқа матчтарда сіздердің құрамаларыңызға қолдау көрсетемін. Егер тағы да шақырып жатса, Қазақстанға оралып қалармын. Матч алдында Қазақстанның әнұранын айттым (күліп)», - дейді футболшы.

Сондай-ақ, Кояшевич Черногория құрамасының әлем чемпионатына өту мүмкіндігіне баға берді.

«Білмеймін. Бапкеріміз жақсы, әр матчты жеңіс үшін ойнаймыз. Егер топтан шығып жатсақ, әлем чемпионатында Қазақстанның әнұранын айтатын адам табылады (күліп)», - деді Дамир.

Тағы оқыңыздар:

Ақорда: Нұрсұлтан Назарбаев сырқаттанып қалды

Танымал тележүргізуші күйеуінің таяғына көндігіп кеткен қазақ әйелдеріне ашуланды

Шымкентте абақты қызметкері үш жасар қызды 60-тағы педофилден құтқарып қалды

Ақорданың Назарбаевтың сырқатына қатысты ақпарат тарату себебі неде?

Алматыда теракт жасауды жоспарлаған үш радикал ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279964-chernogoriyalyq-futbolshy-match-aldynda.html