RU

Үндістанда 68 күн бойы ораза ұстаған қыз тілге келместен көз жұмды

Үндістанда 68 күн бойы ораза ұстаған 13 жастағы қыз көз жұмды деп хабарлайды Timeskz.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

Қазіргі таңда полиция 68 күн бойы ауыз бекітіп қаза болған қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Би-би-си басылымы анықтағандай Үндістанның оңтүстігінде орналасқан Хайдарабад қаласының полийцейлері ата-анасы қызын ораза ұстауға мәжбүрлемеді ме, соны анықтағысы келеді екен.

Арадхана Самдаридің ата-анасы қыздарының әлемдегі көне діндердің бірі Джайнизм өсиеттері бойынша өз еркімен ораза ұстағанын айтып отыр.

Алайда бұл жағдай қоғамда үлкен дау тудырып, балаларды қорғау ұйымы полицияға қаза болған қыз баланың ата-анасының үстінен арыз түсірген.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, Арадхана 68 күн бойы тек ыстық сумен ғана ораза ұстаған. Ол өткен аптада оразасы аяқталғаннан кейін екі күннен соң қайтыс болған.

Мамандар адамдар ас-сусыз екі ай бойы өмір сүре алатынын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Ақорда: Нұрсұлтан Назарбаев сырқаттанып қалды

Танымал тележүргізуші күйеуінің таяғына көндігіп кеткен қазақ әйелдеріне ашуланды

Шымкентте абақты қызметкері үш жасар қызды 60-тағы педофилден құтқарып қалды

Ақорданың Назарбаевтың сырқатына қатысты ақпарат тарату себебі неде?

Алматыда теракт жасауды жоспарлаған үш радикал ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1279996-undistanda-68-kun-boyy-oraza-ustaghan-13-zha.html