RU

Риода Қазақстанға жүлде алып бере алмаған үш боксшы Ұлттық құрамадан кетті

Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер кеңесі өтті. Онда федерацияның вице-президенттері Юрий Цхай мен Бауыржан Оспанов спортшылардың Риодағы өнеріне «жақсы» деген баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Федерация таратқан ақпаратқа қарағанда, жаттықтырушылар кеңесі 4 жылдық кезеңдегі құраманың әрбір боксшысының жетістіктерін жан-жақты саралаған. Сондай-ақ құрама сапынан кететін спортшыларды атаған. Олар: 49 келіде АРВ экс-чемпионы Біржан Жақыпов, 60 келіде Берік Әбдірахманов және Азияның екі дүркін чемпионы Олжас Сәттібаев.

«Олар құрамадан кетуге ниетті екендіктерін жария етті және жаттықтырушылар кеңесі оларға кедергі жасаған жоқ. Дегенмен, бұл спортшылар AIBA-ның APB және WSB сынды жобаларына қатыса алады», - делінген хабарламада.

Мұнан бөлек, Рио чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс жүлдегер Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке және күміс жүлдегер Иван Дычкоға демалыс беріліп, қайта қалпына келулері үшін ел чемпионатын қоса алғанда кез келген жарысқа қатысудан босатылды.

Тағы оқыңыздар:

Ақорда: Нұрсұлтан Назарбаев сырқаттанып қалды

Танымал тележүргізуші күйеуінің таяғына көндігіп кеткен қазақ әйелдеріне ашуланды

Шымкентте абақты қызметкері үш жасар қызды 60-тағы педофилден құтқарып қалды

Ақорданың Назарбаевтың сырқатына қатысты ақпарат тарату себебі неде?

Алматыда теракт жасауды жоспарлаған үш радикал ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280134-birzhan-zhaqypov-berik-abdirakhmanov-zha.html