RU

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Маңғыстау облысында белгісіз үш адам азық-түлік дүкеніне басып кірген, деп хабарлайды Лада порталына сілтеме жасап Baq.kz.

Оқыс оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Роликте тонаушылардың бірі сатушыны тапаншаға ұқсайтын затпен қорқытып тұрғанда, екіншісі ақша салынған қорапты алып кеткені анық көрінеді.

«Олар өзгенің мүлкін тартып алды, материалдық шығын 20 мың теңгені құрап отыр. Бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болған. Ол ойыншық болса керек. Қылмыстың ізі суымай 20-25 жастағы үш жігіт ұсталды», – деп түсіндірді ІІД мамандары.

Қаскүнемдерге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 2-бөлімі («Тонау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматтар уақытша ұстау абақтысына жабылды, тергеу жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар:

Ақорда: Нұрсұлтан Назарбаев сырқаттанып қалды

Танымал тележүргізуші күйеуінің таяғына көндігіп кеткен қазақ әйелдеріне ашуланды

Шымкентте абақты қызметкері үш жасар қызды 60-тағы педофилден құтқарып қалды

Ақорданың Назарбаевтың сырқатына қатысты ақпарат тарату себебі неде?

Алматыда теракт жасауды жоспарлаған үш радикал ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1280195-aqtauda-belgisiz-adamdar-tapanshamen.html